30 Сәу 2021
Жаңалықтар Алмалы KZ

Ұстаздар, аналар мерекелері

«Ұстаз аты  биік   әрі  мәңгілік»  тақырыбындағы  ұстаздар  мерекесіне   арналған   тәрбие  шарасының   өту  бағдарламасы

Өтетін күні: 1  қазан, 2016 жыл 

Өтетін орны: Алмалы орта мектебі

Өтетін уақыты: сағат 15.00

 

Кеш қонақтары:

  1. Махамбет ауданы  Алмалы  орта  мектебінің  ұстаздары,  ардагер  ұстаздар

Мақсаты:

  • Оқушыларды өздігінен жұмыс  жүргізе  білуге  машықтандыру;
  • Келешек өмірлерінде әр  нәрсеге  жауапкершілікпен қарауға дағдландыру;
  • Өздеріне білім беріп, әріп, жазу үйреткен  ұстаздарына  деген  құрметтерін білдіруге , ұстаз еңбегін бағалай  білуге  тәрбиелеу.

1-жүргізуші: - Құрметті ұстаздар! Сіздерді Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны», «Алтын  уақытын   бала  үшін  сарп  еткендер»…

2 - жүргізуші: -  Иə, бұл мектеп мұғалімі- ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды  жалғастыра берсек,  даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз!

1-жүргізуші: - Аяулы ұстаздар төл мерекелеріңіз құтты болсын.Еңбектеріңізге мол табыс, отбасыларыңызға бақыт тілейміз. Мерейлеріміз үстем болсын.Мектептің тірегі әрі жүрегі - ұстаз.«Ұстаздық етпес жалықпас, үйретуге балаға»- деп Абай атамыз айтқанындай, ұстаз ұлағатты есім, шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан - теңіз. Алдарымызда отырған балалардың бір - бір кірпіш болып қалануы, осы ұстаздардың арқасы. Сондықтан бүгінгі ән-шашуымыз,  әсем  би  мен  шабытты  өнеріміздің  бәрі  сіздерге арналады, қадірменді  де   аяулы  ұстаздарымыз!

2 - жүргізуші: - Облыстық  байқаулардың  жүлдегері,  жезтаңдай  әншіміз Жұмалиев  Ералының  орындауындағы   «Ұстаздарға мың алғыс»  әні  барша  ұстаздардың   құрметіне  арналады.

(Ералының  әні   орындалады,   екі  жүргізуші  сахна   сыртына  кетіп,  басқарады.)

1 - жүргізуші:

Ұстаз деген-  арық  күні  ғаламның,

Ұстаз  деген – анасы ол бар  адамның.

Бүкіл  әлем  мойындайды  еңбегін

Сен де  одан  адам  болып  жаралдың.

Ұстазыңды   түсінгін  сен  тереңнен,

Бар  әлемге  еңбегімен  еленген

Сенің  бағың  өрге  қарай  өрлесе,

Ол  да  бірге  қуанышқа  кенелген.

Сол  арқылы  сен  де  өмірді жалғадың,

Ізгі іс  қой  ұстаз  тілін  алғаның.

Мақтау  алсаң ұстаздардың  алдында

Ол  өзіңнің  орындалған  арманың.

Ұстаз  сөзін  айтып  жүрміз  ән  қылып,

Одан  басқа  жүрген  кім  бар  жанды  ұғып.

Ұстаз  деген – ұлылардың  ұлысы

Қасиеті  бас игендей  мәңгілік!

Алдарыңызға  қасиетті  де  киелі  домбырасымен   мектебіміздің  домбырашыларын    шақырамыз.  Күйшілеріміздің    күй - тартысын  қабыл   алыңыздар.

 

 

2 - жүргізуші:                       Өнерге  ұмтыл,  өнерді  біл, замандас,

Қамдан,жатпа,  заманыңмен   хабарлас.

Ынта  салсаң,  өнер  туын  қолға  алсаң,

Теңдік  тиер, ешкім  кінә  таға  алмас-деп

8ә-сыныбының  мың  бұралған  бишілерін  қазақ  биімен  ортаға  шақырамыз.

1 - жүргізуші:                         Білімнің  айдынында  жүзіп  өткен,

Ұстаз  сенсің   білімнің  нәрін  сепкен.

Сен  арқылы  бастау  алып, дана,  ғалым

Сен  арқылы  әлемді  танып, білген.

Тәуелсіз  Қазақстан  ұл-қызымыз,

Үлпілдеген  жағадағы  құндымыз.

Арасын  жер  мен  көктің  бағындырар

Ертеңгі   жарқырайтын  жұлдызы – біз-

дей  келе,  сахнаға әсем  әнімен мектебіміздің  жезтаңдай әншілерін  шақырамыз.

1.Индира «Мектеп ана»

2.Арайлым «Алғашқы  ұстазым»

3.

1, 2 – жүргізуші  қосыла:       Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

2 - жүргізуші:   Ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

1 - жүргізуші:- Ендеше,  сол  ауыр жүкті  өздерінің   нәзік  те  сымбатты   болмыстарымен   еркін  көтеріп  жүрген  ұстаздарымыздың   құрметіне   өз  оқушылары  дайындаған   бейнефильмдерге  кезек  берейікші,  көгілдір  экранға  назар  аударайық. (бейнефильдер шеруі)

2 - жүргізуші:- Айғаным, менің шабытым  шауып, жұмбақ   жасырғым   кеп  тұр, шеше аласың  ба?

1 - жүргізуші:- Диас,  сен  айтатын   жұмбақтарды   мен  оңай  шешемін  ғой,  олжұмбақтарды   ұстаздарымызға  қойсақ  қайтеді,құрметті   ұстаздар,  ендігі  кезекте  кішкене  серпіліп, өздеріңізге  қажетті  бұйымдар  туралы  жұмбақтар  шешіп  көрейікші, мен  жұмбақтарды  оқимын,  сіздер  ойланып  көріңіздер!

Ілулі тұр кең алаң,

Керегімді мен одан.

Жазып алам көшіріп,

                            Сүртемін сосын өшіріп. ( компьютер)

Төрт қырлы, өзі сопақ,

Тақтадағы ізі аппақ. (бор)

Аузы біреу, тілі екеу, жаны жоқ,

      Сөйлейтұғын сөздерінің саны жоқ.(     )

Жүре алмайсың жолы болса да,

Жырта алмайсың жері болса да.

Шаба алмайсың нуы болса да,

              Іше алмайсың суы болса да.       (карта)

Достастырып әріптермен,

Білімге жол салып берген.

Алдымнан шам жағып берген,

Айналайын.......... (әліппем)    

 

2 – жүргізуші:                        -  Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Ендігі  кезекте    9ә-сыныбы   оқушыларының   ақ тілегін қабыл алыңыздар!  Ұстаз монологі.

1 - жүргізуші:   - Сен қалай ойлайсың, Әсемгүл,  менің ойымша, кез-келген адам  ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық - өнер, өнер  болғанда  да тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді.

2 - жүргізуші:- Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз- тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.Ендеше   келесі  орындалар  әсем  ән   барша   шынайы  мамандық  иелері  ұстаздардың  құрметіне арналады, қабыл  алыңыздар! «Ұстазым» әні  трионың  орындауында   тыңдаңыздар!

2 – жүргізуші:                           Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

Мұғалімді ардақтайды барша жан

Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,

Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткеннің жанарына нұр сыйлаған,

Күндей болып күлімдеген жарықсыздар.

Келесі  кезекті   құдіретті  де  жалынды  жырларға  берсек дейміз.Ортаға   жас  көркемсөз  оқулардың   шеберлерін   шақырамыз. (Сымбат, Назгүл, Имандос пен Алтынай жырларын оқиды)

1 - жүргізуші:                            Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,

Перне басқан оркестрдің үніндей

Әр баланың жүрегіне жол тауып,

Тұрасыp сіз, дирижер боп күлімдей.

Әр сабаққа кіресіз сіз сыйынып,

Жыр оқисыз  нөсер болып құйылып

Қас-қабағын қалт жібермей шәкірттің,

Қарайсыз-ау нұр жүзіне сүйсініп

Жалын атып, от боп, бірге жанасыз,

Білім беріп, содан бақыт табасыз

Бар өмірің өрнектеліп баламен,

Жасарып бір мәңгі жас боп қаласыз.

Ендігі  кезекте  сахна  төріне мектебіміздің  атын облыс  көлемінде   әзіл  әлемі  арқылы  танытып  жүрген  өнер   тарландарын  шақырамыз. «Алмалы - жастар» КВН  командасының    өнерін  тамашалаңыздар,  алдын  ала  ұстаздарымызды  құттықтай  отырып,  шәкірт  көзімен   көрген   әзіл-шыны  аралас  көріністерімізді  ізгі  ниетпен  тамашалауға  шақырамыз.

2 – жүргізуші:                           Мұғалім-ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың, даналардың

Өмірде сенің алар орыныңды

Бәрі де жеткізе алмас бағалардың

Өткізіп өз алдыңнан талай бала,

Бойына құйдың ақыл, ой мен сана

Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,

Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға

Атағым Алатаудай болып биік,

Тұрса да төбем өсіп көкке тиіп

Алдыңда әрқашанда тағзым етіп,

Тұрармын «Ұстазым!» деп басымды иіп.

Назарларыңызға   өз  шәкірттеріңіз  дайындаған  флешмоб  биін  ұсынамыз. Жас   мұғалімдерді  бірге  билеуге  шақырамыз.  Қабыл   алыңыздар,  аяулы  ұстаздар!

1 - жүргізуші:                           Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға

Тарап демде кетеді шаршауың да

Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер

Тұрғанында солардың қоршауында

Қиындықта кезіксең көп асу да

Қанша терің төгіліп жол ашуға

Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,

Сен өмірдің ұстазы боласың да!

- «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

2 – жүргізуші:  -  Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар мектептің жүрегі  ұстаздарымыз ортамызда отыр. Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.

Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,

Тұла бойға қуат болып таралар

Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,

Айналайын білім берген ұстаздар.

Бүгінгі  бағдарламаны  дайындау  барысында  жол  көрсетіп,  бағыт  берген  Шолпан  апайымыз  бен  бүгінгі  кештің  көкемдік  жетекшісі  Элмира  апайды  ортаға  шақырамыз.

(Элмира  апайдың  орындауында  «Ұстаз –ана,  ару,  қыз»  әні  шырқалады.)

1,2 – жүргізушілер: - Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да,тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан Ұлағатты Ұстаздар сіздерге құрметпен бас ие  отырып,  Ұстаздар күнімен тағы  да  құттықтаймыз,  сахна  төрінде  келесі  кездескенше  қош-сау  болыңыздар!  

 

Адалдығы болмаса аңсатар ма,
Ұстаз деген – әдемі  әрқашанда,
Өмір атты іздеген ән-сапарда, бақыт.
Әр таң оған ерекше күліп келген,
Әр көктемнен ерекше үміттенген,
Зулайтынын осылай біліп пе ем мен, уақыт.

 

Кеше ғана жап-жаңа   ұстаз едім,

Оқушымның жолына  құрбан   едім,
Бүгін міне,  жемісін  көргендеймін, шіркін!
Жайқалады гүлзары көнілімнің,
Мен еліме  үлгімін,   өнегемін,
Мен елімнің ертеңгі сенімімін, мүмкін!

 

Жаңаша боп туады жанған күнім,

Аспанында арманның самғап жүрмін,

Мектебіме өмірім  арналғанды мәңгі.

Жарық қылам жер бетін нұр-сәулемен,

Қырық шырақтан құралған құрсау денем,

Тәрбиені   үйретем  білімменен  мәңгі.

 

Мен - ұстазбын, әлемнің анасымын,
Үміт жеңген кей-кезде жан ашуын,
Шәкіртіме   шуақ боп  шашылған   нұр -  менмін.
Нәзікпін мен, сол үшін айыптымын,
Ғажап түске боядым шәкірт үнін,
Не десең де бақытқа лайықтымын, сенгін!

 

 

 

«Ана  алақаны – айдын, қыз   мейірімі - күн шуағы»  тақырыбындағы

 8-наурыз мерекесіне    арналған   тәрбие  шарасының   өту  бағдарламасы

Өтетін күні: 7 наурыз, 2018 жыл 

Өтетін орны: Алмалы орта мектебі

Өтетін уақыты: сағат 16.00

 

Кеш қонақтары:

  1. Махамбет ауданы  Алмалы  орта  мектебінің  ұстаздары,  ардагер  ұстаздар, оқушылар, ата-аналар, мекеме басшылары

Мерекелік кештің басты мақсаты: 

  • Ақ жаулықты аналарымыз бен нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау.
  • Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.
  • Оқушыларды өздігінен жұмыс  жүргізе  білуге  машықтандыру;
  • Келешек өмірлерінде әр  нәрсеге  жауапкершілікпен қарауға дағдыландыру;

Кештің көрнекілігі:  ұлағатты сөздер, суреттер, шар, үнтаспа, т.б.

Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.

(ана  туралы ән ойнап тұрады)

1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған  құрбы қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаздары, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.

Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады,

- дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді  мектебіміздің  директоры Гүлшат апайға  береміз.

1-жүргізуші:

Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сізді құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.

Алдарыңызға әнші шәкірттеріңіз   ________________________________________________ орындауындағы «Асыл  ана» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші:

Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге-

 деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мектебіміздің  сері  жігіттерінің  орындауындағы  «Қазақ қызы»  әніне береміз.  Қабыл  алыңыздар!

(Жігіттер  кезекпен  айтып, қыздарды  алып шығады)

2-жүргізуші: - Мирас,  жалпы  бүгінгі   шара  ерекше  болғалы  тұр,  себебі  сахна  төріне  көтерілген  қыздарымыз,  қызғалдақ  қарындастарымыз  бүгін  әдемі  болып,  құлпырып  келген  екен,  ендеше,  осы  қыздарымызды  бір  сыннан  өткізіп  алсақ  қалай  қарайсыздар?!

1-жүргізуші: - Толығымен  келісемін, Лариса, қыздарымыздың  өздері  келісер ме екен,  бүгінгі  күні  көктемнің  шуақты  күнгі  мерекеде  қыздарымызды  сынағанымыз  жігіттігімізге  сын  емес пе?!

2-жүргізуші: - Ендеше,  мен  қыздардың  өздерінен  сұрап  көрейінші, қыздар  келісесіздер  ме?!  (қыздар  келіседі)

1-жүргізуші: - Онда  бірінші  сынағымызды  бастайық, ең  бірінші  қыздар  мына  жерде  жазылған  сөздерді  таңдау  арқылы  өзімізге  қолөнер  түрін  таңдайық,  жазылған   қолөнер  түрін  сахнада  тұрып  орындап,  қазақтың  қызы  екендіктеріңізді  дәлелдеп  жіберсеңіздер!

2-жүргізуші: -  Ендеше,  іске  сәт,   құрбылар! (қолөнер  көрсетеді)

ІІ-тур бойынша  қоржыннан  сөз  жазылған  қағазды  таңдап,  сол  жаылған  сөздің  мағынасын  түсіндіреді.

ІІІ-тур бойынша  сол  жерде  тұрып,  бойындағы  өнер  түрін  көрсетеді.

2-жүргізуші:

Аналар, ақ пейілін жайғандарым,

Сіздер – менің ең сыйлы меймандарым.

Арыстай талай перзент тудыңыздар,

Алаштың асқақтатқан айбарларын.

«Алдымен жақсылық ет анаңа» деп,

Хадисте текке айтпапты Пайғамбарым.

Сіздердің арқаңызда еркектер жүр,

Сипатып ескен желге айдарларын.

Артық қой әлемдегі бар жылудан,

Бір сүйіп маңдайымнан айналғаның.

1-жүргізуші:

Сіздерге деген шексіз алғысымның,

Айтып мен тауысайын қайдан бәрін.

Жырыммен аналарды ырза ете алсам,

Сол менің бұл өнерден бәйге алғаным.

Бұл жерде таппай тұрмын тіпті байыз.

Бар дейсің бұл күндері тіп-тік қай із.

Наурызда аналарға сый ұсынып,

Жылына бір-ақ рет құттықтаймыз.

Аналарға күн сайын алғыс айтпай,

Олардың жағдайынан түк те ұқпаймыз.

Аналарды ардақтап өту керек,

Егер де өссін десек ұлттық пайыз.

2-жүргізуші:  - Ендігі  кезекте  мектебіміздің  жыр  сүйер  жігіттеріне  кезек  берейікші,  «поэзия  менімен  егіз бе едің» деп  аталатын  бөлімде  аналарымызға,  құрбы  қыздарымызға  арналған   жыр-шашуларды   қабыл  алыңыздар!

(Асылхан)

Анашым! Асыл анам, есіл анам,

Елжіреп есіркеймін, есіме алам.

Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді

Ақтамасам,боп жүрмін несіне адам.

Алыс жолда жүрсем де арып-ашып,

Ағат ойлап түсірмей жаныңа шық,

Оқытып кештеу барған хаттарымды

Отырмысың үрпиіп, жаның ашып?

Өткізіп талай жылды, ай, аптаны,

Оқуын ұлың жақсы аяқтады.

Анашым, білем сені, қарсы емессің

Кеттім мен тың даланы оятқалы.

Анашым! Қайда жүрсем сен - күш, арым,

Сүйемін дидарыңды, мен құшамын.

Қайда барсам, өзіндей қарсы алады

Кең байтақ Отанымның кең құшағы.

Анашым! Жаратылдың бағыма шын

Білемін көңілсізсің, сағынасың.

Қайда жүрсем, қамқоршым Отаным бар.

 Қапа болма мен үшін, неғыласың.
**********************

(Жантұрар)                                              АНАМА

Қартайыпсың,Қажытты ма тірлігің,

Ойлаймын деп сегіз бала бірлігін?

Барлығын да есейттің де ұшырдың,

Бір құлының Алматыда жүр бүгін.

Жан да емессің Жастайыңнан алымды

(Көрерсің-ау басқа жазған бағыңды).

Жалғызсырап қалдың-ау сен  Бұл күнде

Ақиретке аттандырып шалыңды.

Сезем, ана,Жағдайыңды түсінем.

Бала көңілін сезетінсің түсінен.

Бір жақсылық көрсетем деп өзіңе

Ақ батаңменАлматыға ұшып ем.

Аңсағанда Келінің мен балаңды,

Астанаға айырбастап далаңды,

Келесің-ау танымайтын қалаға,

Жаутаңдайсың,  Түрлі ой билеп санаңды.

Тым басқаша,  Бұл қаланың тірлігі,

Ауылға да ұқсамайды бірлігі.

Барлығы да қарбаласта жүреді,

Өкінеді,  Босқа кетсе бір күні.

Біз осылай, Күн кешеміз әрдайым,

Күн сүймейді кей сұлудың маңдайын.

Қозғалысы асығыстау қалада

Кешір, ана, Болмаса егер жағдайың.

Әлсін-әлсін, Нөсерлеген жауынға

Селт етпейді тарихы мол тауың да.

Өзің мұнда тұрғанмен де жер басып,

Сезім – ойың, Жетелейді ауылға.

Қос немерең  Әз жаныңды тербетсін,

Далаңа да, балаңа да қажетсің.

Сезем, ана, көңіліңді айтпай-ақ,

Кіндік қаның тамған жерге не жетсін?!

*********************************

(Наурызбек)

Асыл ана! Түсімде көрем сені,

Бұрынғыдай емессің неге еңселі?

Мен білсем, саған деген сағыныштың,

Осынау жұмыр жерде жоқ өлшемі.

Тербеп сол сағыныштың күшті ырғағы,

Елжіреп елесіңді құштым тағы.

Хат байлап қанатына жіберер ем,

Бармайды-ау, біздің жаққа құстың бәрі.

Не таптым, белден кетіп бетегелі?!

Қалаға қаңғыбас ой жетеледі.

Жақұттап жазу үшін осы өлеңді,

Он жылдық білімім де жетер еді.

Дүние шыр айналып шарайнадай,

Жолыма қала бердің қарай-қарай.

Қайырымсыз қалаға, мейірімді,

Қалдырып кете бергем қалай ғана-ай?!

Ал, бүгін ақын болды ақылды ұлың,

Жанымды жегідей жеп жатыр мұңым.

Ардақтап арнамасам саған өлең,

Адыра қалатындай ақындығым.

Білмеймін, бұл қаладан бақ табам ба?

Жабығып жүргендеймін жат ғаламда.

...Тарылған көшелері тас қаладан,

Тарыдай бір мейірім таппағанда,

Сені сағынып кетем, анашым!
************************

АНАМДЫ АҢСАУ (ОРАЗ)

Елемей-ақ арадағы қашықты,

Балаң бүгін өзің жаққа асықты.

Саған деген сағынышым басылмай,

Көңілімді дария етіп тасытты.

Қарсы алдымнан шуақ шашып күлді күн,

Қайран ана, қажытқан ба тірлігің?..

Базарлық па?Базарлыққа әкелдім

Хош иісті жақсы шайын үндінің.

- Келдің бе, - деп, - айналайын, жарқыным, -

Құшаққа алдың, дегендей бір «ал тыным».

Әжім болып тұрып қапты-ау жүзіңде

Өзіңе арнап хат жазбаған әр күнім.

Алаң болмай, тыныш болшы, жан анам,

Болмасыншы тәтті ұйқыңда таң алаң.

Әзиз ана, әрқашанда тілеймін,

Бар тілегің орындалсын қалаған.

******************************  

(Еламан)

Даладай дархан пейілін 
Ұлдары РУХ санаған, 
Болмысы тұнған мейірім, 
Ол менің әппақ жан анам.

Ғасырдан жеткен ғасырға 
Ұлтымның ұлы дастаны. 
Ол сенің қарындасың да, 
Ол менің қарындастарым. 
Жоғалтып бастың салмағын, 
Сандалған талай ғашық ұл. 
Біреудің болса арманы, 
Бір үйдің қазынасы бұл! 
Шынайылыққа заты мол, 
Пәктіктің өзі турасы. 
…Жүрегі жалын ақын ол, 
Немесе ақын музасы. 
Кессе де ептеп бұрымды, 
Бәрібір сұлу жаны, нұр. 
Жүрегі оның бұрынғы, 
Қазақтың қызы ол бәрібір! 
Өзінде бәрі ғажаптың, 
Көзінде көркем әлемі. 
Ақиқат жалғыз: 
Қазақтың қызының бәрі әдемі!

(Аймұрат)

Армандардың айдынын алса кемең,

Жүрек,шiркiн,соғады қанша елең.

Артық па екен, бiлмедiм, емес шығар?

Арналса да қыздарға қаншама өлең.

Жыр дегенiң сезiмтал тамшы ғана,

Сол тамшыда жатады ар-шұғыла.

Қыз болмаса жақсы жыр жазыла ма,

Болмаса олар әдемi ән шыға ма?

Бас иiп табиғаттың iзгi арына,

Әсемдiктiң көз салдық бiз бағына.

Қазақтың ән өнерi, жыр өнерi,

Қарыздар ғой алдымен қыздарына.

Қыз жайлы айтса ақынның тiлегi мың,

Арудың сезiмi-Ай, жүрегi-күн.

Мұңға толды көңiлi бiр арудың,

Гүлге толды құшағы бiреуiнiң.

Керегi бар ма ендi сыналудың,

Сезiмi жұлдыз болып тұр арудың.

Бiр ару сүйгенiнен алса сыйлық,

Кiрпiгi шыққа оранды бiр арудың.

Көктем болып сезiмнiң келдi күнi,

Қашан да болсын ұзақ ел ғұмыры.

Бiр ару қимасына қош айтысса,

Сүйгенiне асықты ендi бiрi.
**********************************

(Алмаз)

Ғажаптың бәрі өзінде, 
Көзінде сұлу әлемі. 
…Әдебі әрбір сөзінде, 
Жан емі- оның сәлемі. 
Келбеті күнге келіскен, 
Нәзіктен нәзік сыр ұққын. 
…Бесіктегі әппақ періштең 
Бастауы әдеміліктің! 
Пәк болып туған о бастан, 
мүсіні мыңды арбаған. 
Көңілі оның Көк аспан, 
Көркінің құны бар ғалам! 
Қыздары олар даламның, 
Таусылмас жылы бір лебі. 
…Мәншүк пен Әлиялардың 
Сүйкімді сіңілілері. 
*************************** 

(Дастан)

Қыз баланың сұлулығы иманында,

Бойына жақсы қасиет жыйғанында,

Анасының атына кір келтірмей,

 Тәрбиемен ортаға сыйғанында.

 Қыз баланың сұлулығы, жүргенінде,

Әдеппенен жымиып күлгенінде,

Өсек аяң, әңгімеден аулақ болып,

Орынын қай жерде де білгенінде.

 Қыз баланың сұлулығы адалдығы,

Жан-жағына тимесе жамандығы,

Байқалмаса шық бермес сараңдығы,

Ең бастысы кішіпейіл адамдығы.

 Қыз баланың сұлулығы батылдығы,

 Анадан текті туған асылдығы,

Ата-ананың қадірін бағалайтын,

Ерке тотай, болмаса масылдығы.

 Қыз баланың сұлулығы тәрбиесі,

 Таза болса ары мен жандүниесі.

 Ата-ана ақылын місе тұтса,

Айдан анық атына шаң тимесі.

Қыз баланың сұлулығы ұятында,

Тәлім алса қарашаңырақ ұясында,

 Сабырлы боп кішіпейіл, қарапайым,

Қор болмайды өмір атты қиясында.

 Қыз баланың сұлулығы көздерінде,

Инабатты, ибалы сөздерінде,

Болашақ жарыменен бақытты боп,

Айдынында қос аққудай жүзгенінде.

Қыз баланың сұлулығы шаштарында,

Қиылған қою қара қастарында,

 Орныменен серуендеп достарымен,

Қырық үйден тыйым болса жас шағында.

Қыз баланың сұлулығы мейірімде,

Арам ойы болмаса пейілінде.

 Ашық-шашық көрсетпей абыройын,

Қазақилық болса егер киімінде.

Қыз баланың сұлулығы білімінде,

Ойға түйген ортадан ілімінде,

Алла деп соғып тұрған жүрегінде,

Аналық пәктік болса сезімінде!!!

1-жүргізуші: - «Құлақтан  кіріп  бойды  алар, әсем ән   мен  тәтті  күй»  деп  Абай  атамыз  текке  айтпаған ғой,  ендеше,  кезекті  әнге  берсек, мектебіміздің  жезтаңдай  әншісі  Әділдің  орындауында  «Жақсы  көру»  әнін  қабыл  алыңыздар!

1.

2.

1-жүргізуші: - Лариса,  мен  ендігі  кезекте  аналарымыз  бен  ұстаздарымызды  ортаға  шақырғым  келіп  тұр.

2-жүргізуші:  - Мирас,  бір  мерекеде  тағы  не  істемек ойың  бар?

1-жүргізуші:  -Қорқынышты  ештеңе  жоқ,  ортаға  үш  ана  мен  үш  ұстаз  шыға  қойса, екі  топқа  бөлініп  тұрады.

2-жүргізуші:  - Енді  түсіндім,  аналар  мен  екінші  анамыз болған  ұстаздарымызға  тағы  бір  еркелеп  алмақшысың  ғой, ия, Мирас!

1-жүргізуші:  - Сіздердің  алдарыңызда  сөздер  жазылған  сол  сөзді  қатыстырып,  мақал-мәтел  айту  керек! (Мақалдар  айтады)

2-жүргізуші:  - Мирас,  тек  сенің  еркелігіңді  ғана  емес,  менің  де  еркелігімді  көтереді  деп  ойлаймын,  сіздерге  сұрақ  жазылған  қағаз  ұсынбақшымын,  сол  сұрақтарға  жауап  берсеңіздер!

1-жүргізуші:  -Қатысқандарыңызға  рахмет,  ұстаздар,  аналар,  сіздерге  оқушылар  атынан  гүл  шоқтары, қабыл  алыңыздар!

2-жүргізуші:  - Кешіміздің  екінші  бөлімінде  мектебіміздің  кәсіподақ  кеңесінің  төрайымы Дүсіпова Элмира  апайға  микрафон ұсынамыз.

(Кәсіподақ  кеңесі  сыйлықтарын  ұсынады)

1-жүргізуші:                      - Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым!

2-жүргізуші:     - Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.Ендеше , жер  бетіндегі аналардың, ұстаздардың,  қыздардың  денсаулықтары  мықты  болып, отбасылары  берекелі  болсын, аналардың  шаңырағы  ешқашан  шайқалмасын, құрбы-қыздардың  көңілдерін  кір  баспасын  деп  бағдарламамызды  аяқтаймыз!