Өнерімді еліме арнаймын мен...
(Көркемөнерпаздар байқауының өту бағдарламасы)
Мақсаты : Өнерді қолдау арқылы өз Отанымыздың болашағын қолдау екендігін оқушыларп бойына сіңіру, ауылды көркейту мақсатында халық шығармашылығында жаңа көркемөнерпаздарды дүниеге келтіріп, оларды одан әрі дамыту.
Сахна мерекеге сай безендірілген. Әуен ойнап тұрады.
1-жүргізуші: Отанымыз кеңбайтақ Қазақстан
Табиғаты тамаша нұр ғажапстан
Отанымның гүлденіп дамуы нар
Әр баласы тынбастан ат салысқан
Көз қуантар жасыл желек баулары
Алатаудай асқақ асқақ таулары
Қазағым жұдырықтай жұмылғанда
Орындалды бабалардың басты арманы.
2-жүргізуші: Армысыздар бүгін келген ар-Ұстаздар,
Армысыздар ардақ тұтқан аналар
Тойлап жатқан мерекелер құтты болсын
Өнерлі жан дана жанға саналар
Армысыздар құрметті көрермендер
Өнер жолын қуамыз деген ерлер
Құтты болсын осынау мерекеміз
Сахнаға шықсын енді Өнерлілер!
1-жүргізуші: - Айзере, бүгінгі мерекелік кешті не үшін, кімге арнап өткізбекшіміз?
2-жүргізуші:-Білесің бе, Мүбарак, Тәуелсіздікті ту еткен еліміздің құрметіне қанша кеш, қаншама өнерімізді арнасақ та, артық етпейтіні белгілі. Ал биылғы жыл біз үшін ерекше жыл болып өтіп жатқандығын сен білмеуші ме едің!
1-жүргізуші:- Жоқ, Айзере, мен де елімнің ертеңіне алаңдай білетін жас өренмін, ендеше елімнің ерекше жаңалықтарын мен де білемін, қадірменді бүгінгі кештің қонақтары, біз бүгінгі әрбір өнерімізді елімізге, еліміздің болашағына арнаймыз.
2-жүргізуші: - Батыр бабаларымыз Керей мен Жәнібек 1465 жылы бар қазақтың басын қосып алғашқы хандықты құрды, Қазақ Мемлекетінің тарихы сол кезден бастау алды.Елімізде биылғы жылы қаншама шаралар осы мерекеге – Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды десеңші.
1-жүргізуші: - Сондай-ақ 1941-1945 жылдардағы сұрапыл соғыста батыр аталарымыз бен батыр аналарымыз ата-бабаларымыз аманат етіп қалдырған жері үшін болашақ ұрпақтары-біздер үшін, кеудесін оққа төсеп 1945 жылы жеңіс туын желбіреткені баршамызға аян! Ендеше Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығын тойлап өткен еліміздің ертеңгі жарқын болашағына арналған «Өнерімді еліме арнаймын мен...» ұранымен өткізілгелі отырған «Алмалы жұлдыздары» атты көркемөнерпаздар байқауына қош келдіңіздер!
(Әуен басталып, би жалғасып кетеді, хабарламайды)
Қазақ биі «Ақжелең» (тойға шашу ретінде) Аманова Дана 8-сынып оқушысы
Көрініс : Ғабит Мүсіреповтың «Ананың анасы» шығармасынан үзінді.
Автор: Ертеде Бала бидің балуаны болған Жалпақ балуанды Бала би Ергенектінің елін шабуға жұмсайды. Ергенектінің елін шабуға Жалпақ балуанға еріп Жанай батыр да барған екен. Ойды-қырды алып жатқан қалың жылқыға кірген Жалпақ балуан нөкерлерімен қалың жылқыны алдыға салып айдай жөнеледі.Сол мезгілде өрісте тезек теріп жүрген жас қызды да олжа көрген Жанай батыр алдына өңгеріп алып кете береді. Шаңқ еткен қызының дауысынан оның бір бәлеге ұшырағанын сезген шешесі «құлыншағымдап...» еңіреп қала береді. Бір қырға жеткен кезде Жанай батырдың алған олжасына батырдың есі кетіп сауға сұрайды.
Жалпақ батыр: - Сауға, сауға сұраймын!
Жанай батыр: - Сауғаңа жараса, не арман бар, батыр, алдыңа сал да, қатын қыл, қатын қылуға жарамаса, күңің қыларсың.
Автор:Батырлар біраз жүргенде оларды қыздың әкесі қуып жетеді.
Әкесі: - Байды шапқаның шапқан, малды алғаның алған, кедей жылқышының қаршадай қызын алғаның не еткенің, Батыр, еркек десең өзімді әкет, қызымды қайтаршы, сорлы шешесі сорлап қалды ғой, тар құрсағын кеңейткен жалғызы еді.
Автор: - Батырлар сорлы жылқышының сөзін құлаққа да ілмей, айналдырып, аттың үстінен лақтырып-ақ жіберіп, алға қарай жөней береді. Біраз уақыт өткенде батыр нөкерлері арттарынан шауып, ағып келе жатқан аттылыны көреді. Жұлдыздай ағып келе жатқан аттылы «Тоссаңдаршы» дегендей ақ жаулығы желбірей батырларға жетіп келеді.
Қыз : - Апатайым-ай, сор айдап келді ме, құдайым-ай сақтағай, анамды!
Автор: - Әйел мінген тор бесті алдын орағытып, әрі шауып, бері шауып алады да, алға түсіп алып, жөнеп береді.Сол сәтте барлық жылқы біткен тор бестінің артынан ере жөнеледі, батырлар қанша қайырса да икемге келмей, ақыры әйел тоқтаған төбенің айналасына жиналады. Төбе басына шығып алған әйел орамалын бұлғап, батырларды өзіне шақырады.
Әйел: Менің атым – әйел, мына қыздың анасымын! Бәрің де анадан туғансыңдар.Анамен алыспайды да, атыспайды.Нең бар еді менің жалғым ботамда, келе ғой, жалғызым! (қыз анасың құшағына кіріп кетеді)
Кейкі батыр: - Батыр рұқсат етсең, екеуін де байлап алып жүрейік, қызы қатынға, шешесі отынға жарар!
Жалпақ батыр: - Сен өзі неткен жансың, Сен қазақтың қатыны болсаң, мен қазақтың батырымын.Жөніңді айтшы!
Әйел: - мен мына қыздың анасымын.Қызым қазір он бесте, мен де осы жасымда осындай сергелдеңге ұшыраған едім.Соның суық ызғары маңдайымна әлі кеткен жоқ. Өзен жағалап көшіп жүрген елдегі Сонар дегеннің қызымын. Елсізде туғыр Бала би деген той істетіп, сол тойда бәйгеге тігетін қыз керек болғанда, қай бай қызын ондайға қисын, кедей-кепшіктің қыздарын бас бәйгеге тігіпті.Сол бәйгенің соңында нарға мінгізіліп, Байсары деген балуанның еліне келдім. Кейін тағы бір бәйгеде осы Сары байдың еліне екінші аттың бәйгесіне тігіліп келгенмін. Сол байдық жылқышысы «өмір бойы құлдығыңда болайық» деп мені сұрап алып, отасқан едік. Содан бері он бес жыл өтті. Байым құлдықтан бүгін өліп құтылды. Мен міне, күңдіктің құрығына қызым іліккенде шыбын жанымды шүберекке түйіп, өзім көргенді оған көрсеткенше, жолында өлейін, берсеңдер, тірі алып қайтамын, бермесеңдер, өлі денесін алып қайтамын!
Автор: - Манадан ойға көміліп, тұнжяырап отырған Жалпақ балуан ұшып тұрып, атын әлгі әйелге тоса береді.
Жалпақ балуан: - Өз атымнан берер айыбым осы-ақ. Күңдіктен босанғың келсе, мына жылқыдан қалағаныңша ал да, көше бер,бірақ жер бетінде күңдік пен құлдық жоқ ел бар дегенді естіген емеспін.Сондықтан маған еріңіздер, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмаймын!
Әйел: - Жылқы ал деме, саған ере де алмаймын, сен еліңе жеткенше еріктісің, сені батыр деп жұмсайды, мені қатын деп жұмсайды,сенің еркің менің еркімнен артық болмайды.
Жалпақ батыр: - Ендеше еркім өзімде тұрғанда, бір адамға бостандық берейін.Қыз сенікі, Еркін өмір сүріңдер!
Торы бестіге қарғып мінген әйел артына бұрылып:
Әйел: - Керей деген ел көрсеңдер, ондағы Жалпақ деген батырды көрсеңдер, сәлем айтарсыздар!
Автор: - Әйелдің өзіне арнаған сәлемінен мына әйелдің бір кездері жау алып кеткен өз қалыңдығы екендігін білген Жалпақ батыр дүрс құлайды.Жылқы түгіл бас қайғы болған батырлар балуанды киізге орап, елге әзер қайтқан екен деседі.
Ғабдыжанова Бибінұрдың оқуында «Анама арнаймын»
С.Майғазиевтің әні «Асыл ана» орындайтын: Есполова Әдемі
1-жүргізуші: Нәр алып сенің мөлдір тұнығыңнан,
Ұрпақпыз тарихыңнан сыр ұғынған.
Биікке қолын созған асқақ елім,
Ешқашан түспе осындай тұғырыңнан!
2-жүргізуші: Мен қазақпын, мен қазақпын, қазақпын деп айтам ән,
Халқым үшін қан-додаға кірмей қалай жай табам?!
Менің қаным тебіренсе тентек Каспий секілді,
Қинайтұғын, ұйымайтын, арнасына симайтұғын қайтадан,- деп жерлес сазгер ағамыз Табылды Досымов текке жырламаған, қазақ халқының басынан қаншама қайғы, қаншама шер өтпеген.Сол небір зұлмат замандарда қазақ халқының бірлігі жойылмаған, ал Қазақ халқының Анасы - өз елі, өз ұрпағы үшін не көрмеді десеңші.
1-жүргізуші: Өмір есігін паш ететін-Періштем боп мәңгі өтетін.
Жалғыз адам сенсің, Ана-Жүрегімде сыр сезетін.
Дүниенің кереметін-Бақыт қылып көрсететін.
Жаныма жырдың жылуын, Жан ана сен ғой беретін.
2-жүргізуші: - Ендігі кезекті мектебіміздің жас қалам иелері – жас ақындарымызға берсек қалай болады, Мүбарак.
1-жүргізуші: - Әрине, балғын жүректен шыққан балауса жырлар да - өнер туындысы емес пе, ендеше мектебіміздің жас ақындары ортамызда.
(жас ақындар Дәрменғали Сымбат, Зейінова Арайлым өз өлеңдерін оқиды)
1-жүргізуші: Тыныштық! Жаса тыныштық!Осы сөз бізге тым ыстық.
Көркейе берсін еліміз,Көбейе берсін ырыс-құт!
2-жүргізуші: Қазақстан –көк байрақты нұрлы елім,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім.
Өзің менің қуанышым,бақытым
Өзің менің тынысым да тірегім.
Ел құрадық шаттық,құйып көңілге,
Жарқырайды Елтаңбаң да төріңде.
Ірге тасың жатыр берік қаланып,
Бетті бұрдың алға - жарқын өмірге.
Ә. Дәрібаев «Қазақстан бақыты» орындайтын: Тұрағалов Ә.
Көрініс: Шыңғыс Айтматовтың «Найман ана» шығармасынан үзінді.
(көрініс қойылады)
«Домбыра туралы баллада» К.Дүйсекеев, Ш.Сариев, орындайтын:
1-жүргізуші: Біз қазақпыз!
Ежелден - ақ қазақ болып аталған,
Қатал болды әр күн, әр түн, атар таң
Күйдірсе де ызғарлы аяз, жалынды от,
Ел боп келдік, қалып қоймай қатардан.
Керегімді алу үшін жаһаннан,
Бейімделдім заманыма жаңарған.
Садақ тартып, оқ жонуды үйреніп,
Тәрбие алдым тәлімі мол атамнан.
2-жүргізуші: Тарихта Есімханда болды ескі жол,
Тұсында Қасымханның бар қасқа жол.
Бүгінде бар Нұрсұлтанның кең даңғылы,
«Нұрлы жол – болашаққа бастайтын жол»
Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз,
Даму үшін бірліктен қуат табамыз.
Тоныкөк абыз кеткендей айтып өсиет,
Қазақ елі – Мәңгілік ел боп қаламыз.
«Президентке арнау» орындайтын: трио
1-жүргізуші: - Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастау жол» атты жолдауында «2015 жыл — ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп атап өткен болатын. Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы биылғы жылдың өзінде ерекше атап өтілуде. Тарих - ғасырлар куәсі. Қазақтың бүкіл тарихы - бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ елі тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық.
2-жүргізуші: Шынында да, Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі. Елбасының «Мәңгілік Қазақстан» жобасы мақсатқа жеткізер ұлы бастама болары сәзсіз, солай емес пе, Мүбарак.
1-жүргізуші: - Әрине, Айзере, сондықтан да Қазақстанда тұратын барлық ұлт, барша жұрт бірлікті ту ғып ұстап, бірге өмір сүрулері керек. (әр ұлттың биінен флешмоб)
Сөзі : Қ.Сатиевтікі, әні: Қ.Смағұловтікі «Тәуелсіздік күніне» орындайтын: ___________
1, 2-жүргізушілер: Өзіңсің - Қазақстан, ән, арманым да,
Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.
Бір нәрсе жетпейді деу қате болар
Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.
Алдағы қойған ұлы мақсаттары бар, ертеңіне сеніммен қарайтын, жастары алғыр, жаңалыққа жаны құштар, рухы биік ел ғана мәңгілік ел болып ғасырлар бойы жасайды.Олай болса Елбасы салған сара жолдан таймайық, елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!
Мерекелік кештің соңы
https://almaly-atyrau.edugov.kz/zhanalyktar/9821-patrioth.html#sigFreeId643eb63559