23 Сәу 2021
Жаңалықтар Алмалы KZ

Бәріңе ! Бәріңе ! Бәріңе ! Бәріңе !

2018  жылдың  10,11   қазан   күндері  жалпы  білім  беретін Алмалы  орта  мектебінде МАД тобы, шағын  1-4сыныптар  арасында 

«Алтын күзден  алған әсерлер» (Күзгі ертегі)  байқауы  өтеді.

Байқауы  шарттары  бойынша сыныптар  бірлесе  дайындалып,  ешқандай  себепсіз  байқауға  қатысуға  міндетті. Байқау  шарттары:

  1. «Алмалы бау-бақшасында ...»  қатысушы сынып немесе топ   өздерін  күзгі  көкөністер кейпінде  өлең-жыр  шумақтары, ертегі  кейіпкерлері түрінде  таныстырады.

Берілетін уақыт – 5 минут

  1. « Қазақ әдебиетіндегі күз көріністері...» сайыскерлер қазақ ақын-жазушыларының  шығармаларынан  алынған  үзінділерден  мәнерлеп оқудан жарысқа түседі. Дайындалған номерді көрініспен  әрлеуге де болады. Көрініспен  өрнектелген  топқа басымдылық беріледі.

Берілетін уақыт – 10 минут(Сынып  оқушылары  топ болып   көмектесу  мүмкіндігі  ұсынылады)

  1. «Күзгі серуенде ...» сайысқа  қатысушылар  өз  қиялдарымен күзгі  серуен киімдерінен сән  үлгілерін  көрсетіп, қорғайды. Сән  көрсету  сәтін  бейнебаянмен,  әсем  әуенмен  қостаған  сайыскерлерге  ұпай  еселенеді. Берілетін  уақыт – 3 минут
  2. «Күз кереметтері...» сайыскерлер өз қолдарымен  дайындалған  күзгі тағам  түрлерін  жасалу  жолдарын  қорғай  отырып  сайысады.

Ескертпе: 4 а,ә,б – сыныптың   оқушылары  байқаудың  жүру  барысы  мен  ұйымдастыру,  безендіру      жұмыстарына  жауапты.

Тәрбие  орталығы

 

 

Бәріңе ! Бәріңе ! Бәріңе ! Бәріңе !

2018  жылдың  18,19   қазан   күндері  жалпы  білім  беретін Алмалы  орта  мектебінде 5-7 және 8-11- сыныптар  арасында 

«Күздің әсем кешінде..» (Күзгі ертегі)  байқауы  өтеді.

Байқауы  шарттары  бойынша сыныптар  бірлесе  дайындалып,  ешқандай  себепсіз  байқауға  қатысуға  міндетті. Байқау  шарттары:

  1. «Мен мен едім, мен едім ...» қатысушы сынып өздерін  өлең-жыр  шумақтары, ертегі  кейіпкерлері  немесе  пародия (күз  туралы түсірілген клипке) жасау түрінде  таныстырады.   Берілетін уақыт – 5 минут
  2. « Қазақ әдебиетіндегі күз көріністері...» сайыскерлер қазақ ақын-жазушыларының  шығармаларынан  алынған  үзінділерден (өлең немесе көркем шығармадан) мәнерлеп оқудан жарысқа түседі. Дайындалған номерді көрініспен  әрлеуге де болады. Көрініспен  өрнектелген  топқа басымдылық беріледі.Берілетін уақыт – 10 минут(Сынып  оқушылары  топ болып   көмектесу  мүмкіндігі  ұсынылады)
  3. «Күзгі серуенде ...» сайысқа  қатысушылар  өз  қиялдарымен күзгі  серуен киімдерінен сән  үлгілерін  көрсетіп, қорғайды. Сән  үлгісіне қойылатын шарт  күзгі бақта серуенге шыққанда  киілетін  киім  үлгілерін  түрлі  қалдық заттардан  тігіп  ұсыну.Сән  көрсету  сәтін  бейнебаянмен,  әсем  әуенмен  қостаған  сайыскерлерге  ұпай  еселенеді. Берілетін  уақыт – 5 минут
  4. «Күз кереметтері...» сайыскерлер сахна төрінде  өз қолдарымен  күзгі тағам  түрлерін  жасап,ұсынады   және  оның  жасалу  жолдарын  қорғайды.
  5. «Күзгі жәрмеңке...»  бөлімінде   әр  сынып  өздері  дайындаған қолөнер  туындыларын  ұсынады  және  жарнамалап, сол  кеште өткізеді. Ең құнды  және  ерекше  жарнамаланған  жұмысқа  басымдылық  беріледі.

Ескертпе: 10 – сыныптың   оқушылары  байқаудың  жүру  барысы  мен  ұйымдастыру,  безендіру      жұмыстарына  жауапты.