23 Сәу 2021
Жаңалықтар Алмалы KZ

«Сәлем, Жаңа жыл!» 1 -4 сыныптарға арналған балалар ертеңгілігі

Өтетін  уақыты:27.12;28.12.2016 жыл

Өтетін  орны:  Спорт зал

Мақсаты: -  Мектеп  оқушыларына  эстетикалық  тәрбие  бере  отырып,  көпмәдениеттілікті  насихаттау  мақсатындам атаулы  мерекені  жоғары  дәрежеде  өткізуге  атсалысу;

- Жаңа  жыл  кешін   тойлау  арқылы  болашаққа  сенімділігін  арттыру,  мектеп  өміріндегі  көңілді  де  қызықты  сәттердің  әсерлі   өтуіне  қол жеткізу;

- Оқушылардың  демалысын  жақсы  өткізуін  ұйымдастыру.

Қатысушылар: Әжесі, Қызы, Ешкі, 7 лағы, Маймылдар (4), Қасқыр, Жалмауыз кемпір, Сиқыршы, Аяз Ата, Ақшақар, Қар ханшайымы, Тауық, 12 балапаны

Әдемі безендірілген залда  музыка  үні.  Шырша жанында  апасы  ойыншықтарды  шыршаға  ілуде.Әдемі киінген кішентай қыз апасынан сұрайды:

Қыз сөзі:    --   Апа,  бізге қонаққа кім  келеді?  Неліктен мына шыршаны сәндеп  жатырсың?

Анасы:     --- Қызым  бүгініг күн  ерекше,  себебі  бүгін  Жаңа жыл. Бізге көп көп  қонақтар келеді. Ән айтамыз  би  билейміз,  жаңа жылды  қарсы аламыз.

Қыз сөзі:    --- Апа бізге  мектепте  мұғалім,  жаңа жыл көктемде, жер бетіне  көк шыққанда, күн мен түн теңескенде келеді деуші еді,  сонда  қалай, кәзір жылдың  қыс мезгілі, биыл Жаңа жыл ерте  келе ме?

Анасы:     ---- Құлыным менің,  Жаңа жыл ерте келмейді, бәрі де өз уақытында  келеді.  Бүгінгі  жаңа жыл мерекесі 2016 жыл  аяқталып,  2017 жылдың  басталуы. Яғни күнтізбе бойынша  жаңа тауық  жылының  басталуы балам,  ал, 22 наурызда тойланатын мереке ол барша мұсылман  халықтарының  қыстан аман есен шыққан соң жаңа күнге, жаңа көкке жеткен мерекесі ол жаңа жыл мұсылман күнтізбесі бойынша.  ...

Қыз сөзі:    ---- Жарайды апа енді  бұны да біліп жүремін,  Ал енді бізге  қонаққа кім келе жатыр екен?

Анасы:     ---- Бізге   кім  келе  жатырғанын  мен  саған  ертегі желісімен  баяндайын.Ерте, ерте, ертеде  ешкі  жүні  бөртеде,  орманда  бір ешкі  өзінің жеті лағымен бірге өмір  сүріпті...

(Сахнаға  бір  ешкі   лақтарымен   билеп  шығады,  биге  қатысушыларды  шақыра  отырып,  әсем   би  биленеді)

Ешкі:  --- Лақтарым-  шұнақтарым, бүгінгі  мерекені  қызықты  өткізу үшін мен барып орманнан Аяз Ата мен Ақшақарды  алып келейін, сіздер ешкімге есікті ашпай, бір-біріңмен тату тәтті  ойнай  тұрыңдар, далаға шықпаңдар, қасқырға  есік  ашпаңдар, Жаңа жыл қызығын терезеден  тамашалай тұрыңдар. Әй, тентегім-еркем, сен  мына  өзіңнен  кіші  лақтарға  тиіспе, бас-көз  бол!  (ешкі  үйшіктің есігін жауып кетіп қалады)

Үлкен  лақ (Шолпан)  --  Мәә-мәәәә, онда Аяз ата мен  Ақшақар  келгенше  ішіміз  пыспасын мен  сендерге  жұмбақ  жасырайыншы.

Ортаңғы лақ (Салтанат) – Жұмбағыңды  есік  алдына  шығып  қойшы,  таза  ауада  ойнақтайықшы. (Жұмбақтар  жасырады,  оның  шешуін  таба  алмай,  балалардан  сұрайды)

 (жүгіріп  маймылдар келеді, ойнақы  билеп келеді)

Маймылдар:---  Лақтар  ,лақтар  сақ  болыңдар осы жаққа  қасқыр  келе жатыр,  ол әдейілеп дауысын  өзгертіп  алды.Біз сіздерге хабар айту үшін  асығып жеттік. (Лақтар  есіктен  ішке  кіреді)

Осы кезде қасқыр келеді  (дауысын жіңішкертіп):   ----  Лақтарым, шұнақтарым,  кіп кішкентай құрақтарым,  мен  сендердің  аналарыңмын  есікті аша қойыңдар  мен сендерге  тамақ әкелдім, кәне тезірек болыңдар,

 Лақтар шуласа: --- жоқ,  сен біздің  анамыз  емессің, біздің  анамыз ақ болатын  сен анамыз емессің

Қасқыр:  ----  балалар мен  не  ешкіге ұқсамай тұрмын  ба?  арнайы  әтешке  барып  дауысымды  жіңішкертіп  сабақ алып едім,  енді не  істеуім керек?

(балалар  «Түсіңді  өзгертіп  кел»  деп жауап  береді,қасқыр кетіп қалады.)

Маймылдар ---  Мында жаңа жылды қарсы алуға жиналған балалар көп екен , кәне кімнің өнері  бар, биі  бар ортаға шығып өнер көрсетсінші  (оқушылар  өнері)

Лақтар шуласа: -    Ішіміз  пысты  ғой, жаңа  жылдық  шыршаны  қашан  жағамыз, анамыз  қашан  келеді?

Маймылдар:  - Лақтар,  сіздерге  жаңа  жылдық  шыршаны  жағу   үшін  сиқыршы  шақырайын ба?

Үлкен  лақ (Шолпан)  : - Ия,  маймыл  ата, сиқыршы  шақырыңызшы (осы  жерде нашар  музыка  ойналып,  шашы  жалбырап  Жалмауыз  кемпір  шығады)

Жалмауыз  кемпір:  -  Ейй,  не  жиын   мынау,  шибөрідей  шуылдап  неге  маңырап  жүрсіңдер,  қане,  жоқ  болыңдар,  мені  ұйықтатпадыңдар (лақтар  бүрісіп,  қорқа,  бір-біріне  тығылысады)

Ортаңғы лақ (Салтанат):  -Біздер  жаңа  жылдық  кешке  дайындалудамыз.Жаңа  жылдық  шыршамызды  жағу  үшін  сиқыршыны  күтудеміз.

Жалмауыз  кемпір:  -  ААА,  оп-оңай  шыршаның  шамын  жаға  қояйын  дейсіңдер  ғой,  ендеше  мен  сендердің  сиқыршыларыңды  жоқ  қылып  жібердім. (Шіреніп  тұрады)

Лақтар,  маймылдар бірге  жамырап: -  әжетай, әжетай,  олай  етпеңізші,  біздің  шыршамыздың  шамын  жағатын  сиқыршыны  босатыңызшы!

Жалмауыз  кемпір: - Босату  үшін  не  бересіңдер,  осы  күні  тегін  ештеңе  жоқ!

Үлкен  лақ (Шолпан)  : - Сізді  бүгінгі  кештің  қадірлі  қонағы   ретінде  ортаға  шақырамыз,  би  билеп,  жастық  шағыңызды  еске  түсіресіз.Балалар,  қане,  бәріміз  әжемізді  жібіту  үшін  бір  ән  арнап  берсек  қайтеді! (Ән  айтылып,  би  биленеді)

Жалмауыз  кемпір:   - Керемет  болды,  жастық  шағым  есіме  түсті, ендеше,  сиқыршыны  босатайын,  шыршаның  шамын  жақсын! (Сиқырлы  сөздер  оқып, сиқыршыны  ортаға  шығарады)

Сиқыршы: -

Міне, бүгін бізге мереке

Мереке қыс пен Жаңа жыл.

Тілейміз сізге  береке

Құтты  болсын  жаңа  жыл!

(Сиқыршы  өз  өнерін  көрсетеді)

(Маймылдар балаларға арнап бір би шығарады,  барлық баланы билетіп  жатқанда қасқыр келе жатқан қорқынышты  музыка  тағы да естіледі)

Қасқыр  (киімін ақ түске өзгертіп  шығады): ----- Тук  тук тук,  Лақтарым  шұнақтарым,  кіп кішкентай  құрақтарым,  мен сіздердің аналарыңмын,  сіздерге тамақ  әкелдім,  кәне тезірек есікті аша қойыңдаршы,

Лақтар: - Егер сен біздің анамыз болсаң, мына   жұмбақтарды   шешіп  қарашы (жұмбақтар)

(Қасқыр жауабын балалардан сұрайды   маймылдар  балаларға  айтқызбайды,  қасқыр жауап айтады,  лақтар есікті ашады, қасқыр лақтарды қуа жөнеледі, кенет нәзік әуен ойнай жөнеледі де ортаға  қар  ханшайымы кішкентай ханшайымдарымен жүгіріп  шығады, сиқырлы музыка үні  естіліп  тұрады)

Қар  ханшайымы:  -- Мұнда бүгін  мереке ,  мұнда бүгін жаңа жыл емес пе,  қасқыр сен неге  тыныштықты бұзасың?  Сен осы  тойда қуанып  шаттаңғың келмей ме?  Кәне жібер  лақтарды, әлде  мен  сені  мұзға  айналдырайын  ба, тыныштал,   оданда бәріміз бірге ән айтып той тойлайық,  тату тәтті болайық!  Келе жатқан жаңа жылды жақсы көңіл күймен қарсы алайық!  Бірлігіміз жарасқан достар болайық, кәне айтыңдаршы балалар достық бірлік туралы қандай мақал мәтел білеміз(балалар жауаптары)

Қар  ханшайымы:  ---- Балалар, сіздер мені танисыңдар ма?  Мен  қар  ханшайымымын,  сіздерді  көргеніме қуаныштымын, мына қасымдағы кішкене ақша қарлармен бірге  сіздер жаңа жылдық көңіл күй сыйлауға келдік кәне бәріміз бірге би билейік. Кәне қасқыр сен де лақтар мен  маймылдарды биге шақыршы, барша балалармен билейік (Қар ханшайымы ақшақарлармен  балалармен,бірге би билейді.)

 Әжесі : ----  Міне,   балалар  қай  жерде де достық жеңеді екен,  көрдіңіздер ме қасқыр да, лақтар да, маймылдар да ақшақарлармен бірге тамаша көңіл көтеруде.

Қызы:  - Апа мен  жер бетінде  ешқандай өкпе реніш  болмағанын қалаймын.Сондықтан да бәріміз бірге жаңа жыл әнін айтайық

(Балалар  қол ұстасып шыршаны айнала жаңа жыл әнін айтуға болады.)

Ешкі:---Мә,мәә,мәәә,   лақтарым, шұнақтарым,міне, міне,  Аяз ата мен ақша қар да келді, сіздің ортаңызға, Жарқ жұрқ етіп жарқырыған  шырша тұр ғой  ортамызда.

Бәрі бірге:   ---   Алақай алақай ,  келді Аяз  Атамыз. Келді  Ақша қарымыз,

                   думандатып би билеп, тауық жылын  қарсы аламыз  бәріміз.

Әжесі: -  Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!

Аяз ата.: Саламатсыздар ма, балалар!

Жаңа жылдарыңызбен! Жаңа жылдарыңызбен!

Барлық балаларды құттықтаймын!

Барлық қонақтарды құттықтаймын!

Ақша қар:

Барлық достарымды құттықтаймын,

Жаңа жыл құтты болсын!

Жаңа жыл да жаңа табысқа жетіңіздер!

Ашық аспан,жарық күндеріңіз көп болсын.

Аяз ата:                               Мен сендерде бір жыл бұрын болдым,

Сонда да сендерді көргеніме қуаныштымын!

Сенде әжептеуір өсіп қалыпсыңдар!.

Ал сендер мені тандыңдар ма?

Мен ақсақалмын ғой,

Сонда да әлі жаспын!

Қазір мен сендермен,

Би билейге дайынмын!

(Би  биленіп,  әр  сынып  оқушыларының  өнері  тамашаланады)

Үлкен  маймыл: -  Ал,  енді  менің  сіздермен  қоштасатын  мезгілім  де  келіп  жетті. Келер  тауық  жылына  тілегім  ел  берекелі,  күндеріңіз  мерекелі  болсын!Он  бір  жылдан  соң  келесі  кездескенше! (Маймылдар  билеп  шығып  бара  жатырғанда  музыка  тауықтар  биіне  жалғасады)

Ортаға  билеп  тауықтар  шығады.

Тауық: - Армысыңдар, балалар,  бармысыздар,  жарандар!

Тауық жылы   ән де көп,

Баратұғын  жер де көп,

Ақша  өсіп  ұстаздарға,

Жазылатын жыр да көп.

Денсаулықты  нығайтып, ел  дәстүрін  сақтайтын,

Армандарды  орындап,  үміттерді  ақтайтын.

Ел  іргесін  нығайтып,  сенімдерін  ақтайтын  жыл  боламын деп  уәде  беремін!

Аяз ата: -  Сен  өзің  тәуір  тауық  екенсің,  мен  саған  батамды  беріп,  келесі  шақырған  жерлеріме  жүре  берейін,  бүгінгі   кешті  көңілді  аяқтауды  сенің  міндетіңе  тапсырамын.Ал  жайыңдар  қолдарыңды:

Мен  батамды  берейін,

Үстем  болсын  мерейің.

Ә»рқашанда  Алмалыға

Қуанышқа  келейін.

Жақсылық  елден  кетпесін,

Жамандық   елге  жетпесін,

Ақшаларың  көп  болып,

Жазда  егіндерің  көктесін!

Ел  іргесі  аман  болсын,

Бейбітшілік  заман  болсын.

Тестіден  жоғары  балл жинап,

Тойлайтын  күндерің  жақын  болсын! Әумин!

(Бәрі  қолдарын  жайып, бата  тыңдап,  Аяз ата , Ақшақармен  қоштасады.Әжесі  мен  қызы  биді  жалғастырады,  кешті  бимен  аяқтайды)