23 Сәу 2021
Жаңалықтар Алмалы KZ

«Мен- өз елімнің патриотымын»

Бекітемін: ___________________

Мектеп директоры: Аухадиева Г.

 

«Мен- өз елімнің патриотымын» 

 

(1-қыркүйек  Білім  күніне арналған   салтанатты  жиынның   өту  бағдарламасы)

 

Алмалы орта мектебі – 2018 жыл

1 қыркүйек – «Мен - өз елімнің патриотымын » атты  Білім күніне  арналған  салтанатты жиын бағдарламасы

Жоспары:
1. Сапқа тұрғызу.

2.Жиынды ашу.
3.  Қонақтармен таныстыру.
4. ҚР мемлекеттік туын енгізу.
5. ҚР гимні.
5.  Мектеп директорының құттықтауы
6. Мектеп белсенділерінің құттықтау тақпағы

7.Ән-шашу.
8. Алғашқы қоңырау соғу рәсімі
11. ҚР мемлекеттік туын шығару.
12. Қорытынды сөз.
13. Оқушыларды мектепке кіргізу.
Уақыты: 9.00

 

Жүргізуші:

       Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Армысыздар, қадірлі ата-аналар мен қонақтар!

Соғылсын қоңырау, соғылсын,

Сыңғырла мәңгілік сыңғырла.

Толқыған жүректер тоғысын

Толтырып бір арна, бір жырға.

Киімі де,сөмкесі де көркем-ді,
Білім жолда арманы асқақ желкен-ді.
Мектебіне бара жатыр ұлтыңның
Әлиханы,Ахметі ертеңгі.

Құрметті оқушылар, аяулы ұстаздар, ата-аналар, қадірменді қонақтар, бүгінгі  сіздерді құттықтай отырып, мектеп өмірінде дәстүрге айналған Астана қаласының 20 жыдығы,  Махамбет ауданының  90 жылдығы  және  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухани жаңғыру-Елорданың еңселі  белестері» атты  Білім күніне  арналған  салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз!

Мектебіне шәкірттер ағылады,

Сана, білім мектептен табылады.

Гүл шоқтарын қолына көтеріп кеп,

Шәкірттер  мектебіне  асығады.

Жүректері тұратын лүпіл қағып,

Мұғалімдер оларды күтуде анық.

Білім нұрын ұрпаққа таратсын деп,

Осы шақты аңсайды бүкіл халық.

Мектеп деген білім күні, жыр күні

Мектеп деген ғылымның ең үлкені

Мектеп деген тәрбиеші адамға

          Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын!

Жүргізуші:

               1 қыркүйек – айрықша мәні бар, айтулы  Білім күні. Балалар өмірінде кезекті оқу жылы басталады. Сол сияқты бізде де қуанышты білім мейрамы. Бір-бірімізге бақыт, жақсылық, ашық аспан, шаттық тілейтін күн. 

Ол әсіресе, бірінші сыныпқа баратындар үшін аса маңызды. Мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отырған бүлдіршіндерді ортаға шақырамыз.

 1А сыныбын білім әлеміне ________________________бастап апарады

1Ә сыныбын білім әлеміне _________________________бастап апарады

1 Б сынып  білім әлеміне __________________________бастап апарады

1 В сынып  білім әлеміне __________________________бастап апарады

Жүргізуші:                                          

         Назар аударыңыздар! Қазақстан Республикасының  мемлекеттік туына сап түзеп, тік тұрыңыздар! ҚР   гимні  орындалсын!

Жүргізуші:

Құттықтау сөз мектеп басшысы Аухадиева Гүлшат Төлегенқызына беріледі. 

«Мәңгілік   Ел» әнін  Республикалық  «Жадыра, жас дарын!» байқауының  І орын  иегерлері, мектеп көркемөнерпаздарынан  құралған ансамбльдің орындауында қабыл алыңыздар!

Жүргізуші:             Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,

Ұстаз- ғалым, толастатпас мәңгі ісін.

Тыншымайтын асыл жандар аяулы,

Тыңдаңыздар, қонақтардың лебізін.

1.Махамбет  ауданы  әкімі  аппаратынан  келген  өкіл –

  1. Махамбет а.б.с.д\ш бөлімінен келген  өкіл -

3.Алмалы  ауылдық  округінің  әкімі Қойшығали  Қ.О. беріледі.

«Үкілім-ай» бишілер  тобының  орындауында  «Шашу»  биін қабыл алыңыздар!

Оқушылар жырларынан:

1-оқушы (Тұмарым)

Армысыздар, ұстаздарым, асылдарым,

Өздеріңмен өтуде менің балғын жылдарым.

Ақ жүректен  арналған  шәкірттердің

Қабыл алғын балауса  балғын жырларын.

Гүлжамал апай, Қаршыға апай, Галя, Жаңыл апайлар,

Өмірлерін мектепке арнаған жандар.

Зейнеттегі жастарыңыз құтты болсын,

Бәйтеректей жайқалсын  өсірген ұрпақтарыңыз!

 

2-оқушы (Айнара)

Өмір  бойы  мектебімді жыр  етем,

Мектебімде білім  нәрі – берекем,

Гүлшат апай – тазалықтың жаршысы,

Құтты болсын білім күнгі мерекең!

Білім  нұрын  ұрпаққа таратсын деп,

Ұрпақтары дені сау боп өссін деп,

Серікбай ағай, Бауыржан ағай, Ерғазы, Қуаныш ағайлар,

Жүреді  әркез мектеп  үшін  күн-түн деп.

3-оқушы (Исламбек)

Алғашқы білім күнімен

Құттықтай  келдім  баршаңды,

Рысты, Моншақ  апайлар

Күлімдеп жылы қарсы алды.

Сабырлы Салиқа апайым,

Тарихтан терең сыр толғап,

Сымбатты Жеміс апайым

Жер  картасын қолға алды.

4-оқушы (Ернар)

Шуағын шашқан  мына күн,

 Мектепті жырға бөлейді.

Үміт апай, Нұргүл  апайлар,

Мейірімді  күнге  теңейді.

Химияны қазақша сайратқан,

Гүлнар апайым  дара  жан.

Күләш  апайым жыр айтса,

Барша жан тамсана қараған.

5-оқушы (Айымгүл)

Мектепке қамқор боламыз,

Мектебім – асыл анашым,

Айман, Толқын апайлар

Ұстаздық  жолдағы  дара шың.

Математика – ғылымдар  патшасы,

Біліп  өстік  есептің  қыр-сырын,

Калимаш, Сәуле, Гүлмира апайлар,

Есеп әлемінің ханшасы.

6-оқушы  (Нұрай)

Оқимыз  сүйіп жырларын,

Ақындардың  барлық  кітабын,

Кітапханашы  Гүлшара апайым,

Ұстатқан білім шырағын.

Ер жеткізіп  ауылдың  бар  баласын,

Әр балаға  өзіңіз  бір  панасыз.

Света апай  жүректесіз әрқашан,

Үлгі  тұтар  ұстаз болып  қаласыз.

7-оқушы  (Манас)

Мектепке  келген балбөбек,

Еркелеп әркез  жүреді,

Шағын  топтағы  Айгүл апай,

Өз баласындай  оны  көреді.

Райхан апай мен  Айгүл Мақсотқызы,

Майталмандары бастауыштың,

Көрінер  шығармашылықтың ізі,

Әр  баланың жеткен  жетістігінен.

8-оқушы (Байдаулет)

Қазақ елінің  ерке   жұлдызы,

Болар  едіңіз  Элмира  апайым,

Біздерге  әнді  үйреткен,

Неткен жан едіңіз  қарапайым.

Ақкөңіл, мейірімді Алтын  апай,

Тарихты  айтып, сыр шерткен.

Ризамыз сіздерге  ұстаздар,

Білімді бізге үйреткен.

9-оқушы (Аяулым)

Ұстаз  деп  сізді  ардақ  тұтады   ұрпағың,

Этноауыл жасап,  бабалар  жолын  жалғадың

Алмагүл апай, ту қылып әділдік жолын,

Болашақ  қамын,  халқыңның  қамын  жырладың.

Ақылым  өсіп, азамат  болам   еңселі

Адам  да  болам, артатын  маған  ел сенім.

  Үлгілі  болған  оқушыға  барша  ұстаздар,

Өздеріңнен  алам  ұлылықтың  нағыз  өлшемін.

Бәрі  қосылып:

Ұстаздарым мереке құтты  болсын,

Шәкірттерің  әрқашан мықты болсын!

«Мектебім»  әнін  қабыл алыңыздар.

Жүргізуші:

Ұл-қызым деп ана ұйқысы сан қашты,
Бесік тербеп,күн мен түндер алмасты.
Солар үшін алдағы үлкен өмірдің
Соғылады қоңырауы алғашқы..
Басталғанда білім жолдың асқары,
Қадамдарын үлкендер де қостады.
Олар үшін соғылса алғаш қоңырау,
Сол қоңырау-ертеңгі өмір бастауы.

             Алғашқы қоңырау соғу құқығы 1 сынып оқушысы ____________және 11 сынып  оқушысы ______________  беріледі.

Жүргізуші:  ҚР  мемлекеттік  туы  шығарылсын.

         Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! 2018-2019 оқу жылының Астана қаласының 20 жыдығы,  Махамбет ауданының  90 жылдығы  және  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Рухани жаңғыру-Елорданың еңселі  белестері» атты  Білім күніне  арналған  салтанатты жиынды  жабуға рұқсат етіңіздер. Сіздерге биіктен көрінетін білім иелері болуды  тілей  отырып, биылғы оқу жылы сіздерге  шығармашылық табыс, берекелі  білім  бергей деп сенім білдіремін.