Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебі бойынша аз қамтылған және
1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы
ХАТТАМА №2
Күні: 6.01.2020 ж сағ:10-00
Қатысқаны: 7
2020 жылдың Қаңтар айының алтыншы жұлдызында Алмалы орта мектебінде ыстық тамақпен қамту жөніндегі алқа кеңесі болып өтті.
Қатысқандар:
- Директордың міндетін атқарушы: А.Ахметова
- Әлеуметтік педагог: М. Бигазиева
- Мектеп медбикесі: А. Омарова
- Бас есепші: Бисекеева К.
- Ата-аналар қоғамдық кеңесінің төрағасы: А.Сахиев
Күн тәртібінде:
- Әлеуметті өнім беруші ЖК «Сельбаева» Сельбаева Шолпан Таңатовна– 2020 жылғы қаржы жылында келісім шарттың тараптарын орындау барысында жіберген бұзушылықтарының бар-жоғын анықтау.
- Аз қамтылған отбасы балалары мен 1-4 сынып оқушыларын ыстық тамақпен қамту бойынша ЖК «Сельбаева» Сельбаева Шолпан Таңатовна мектеппен келісім шартқа отыру жөнінде желтоқсан айына дейін ұзартылды.
- -Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің міндетін атқарушысының 01.2015 жылғы №598 бұйрығының 69- тармағына сәйкес бөлінген қаражат шегінде жасалады және шартты орындау кезінде қаржы жылы шегінде өнім беруші тарапынан құқық бұзушылықтар болмаған жағдайда көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін, бірақ кемінде екі рет ұзартылады делінген. ЖК «Сельбаева» Сельбаева Шолпан Таңатовна тарапынан қаржы орындау кезінде оқушылар тарапынан және ата- аналар тарапынан ешқандай арыз- шағымдарын болмағанын айтқан болатын.
Сөйледі: Әлеуметтік педагог- Бигазиева М. жаңа оқу жылында әр оқушыға 224 ққс теңге мөлшерінде тамақтандыру ұйымдастырылып отыр. Ыстық тамақпен қамтуға 1-4 сынып оқушылары, аз қамтылған, жетім, жартылай жетім, көп балалы және күн көрісі төмен деңгейдегі отбасы балалары алынды. 1-4 сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтылу саны 350, аз қамтылған отбасы 5-11 сынып аралығында 38 оқушы.
Сөйлеген: Мектеп медбикесі: Омарова А. ЖК «Сельбаева» тамақтандыру кезінде бұзушылықтарға жол берген жоқ. Ас мәзіріне сәйкес балаларды тамақтандырып келеді. Білім алушылардың тамақтандыруға сәйкес 2020 жылғы оқу жылына ЖК «Сельбаева» мен келісім шартқа отыру қажет деп санаймын.
Жиналысқа қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелерді талқылай келе төмендегідей қаулы етеді:
- Директордың міндетін атқарушы: А.Ахметова
2.Әлеуметтік педагог: М.Бигазиева
3.Мектеп медбикесі: А.Омарова
4.Бас есепші: К. Бисекеева
5.Ата-аналар қоғамдық кеңесінің төрағысы: А.Сахиев