24 Сәу 2021
Мектептік тамақтандыру

Алмалы орта мектебі бойынша 2019-2020 оқу жылы бойынша №1 бракераж комиссиясының отырысының хаттамасы

Алмалы орта  мектебі бойынша  2019-2020 оқу жылы бойынша

№1  бракераж комиссиясының отырысының хаттамасы

 

Күні: 6.09.2019 жыл

Тексерудің мақсаты :

1.Оқушыларға  сапалы  ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру

  1. Мектеп асханасының жұмысы мен тазалығы

Комиссия  құрамы :

  1. Комиссия төрайымы: А. М. Ахметова -  Мектеп директорының м.а
  2. Мүшелері : Бигазиева М.Б- әлеуметтік педагог
  3. Ш. Селбаева –мердігер ИП «Селбаева»
  4. А.Базарғалиева- диеталық медбике
  5. А. Сахиев – ата-аналар комитететінің төрағасы

 

Тыңдалды :

Мектеп директорының м.а  А.Ахметова  сөз алды :  Орта білім ұйымдарында білім алушыларға тамақтандыруды ұйымдастыру ,сондай-ақ  мектепте  дейінгі  ұйымдарда жартылай жетім мен қамқорлығынсыз қалған балаларға  арналған білім  беру ұйымдарында  тәрбиеленетін және білім алатын  балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты  тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы  Қазақстан Республикасы  Білім және  ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598  бұйрығын басшылыққа ала отырып 1-4  сыныптың 350 оқушысына  және 5-11  сыныптың аз қамтылыған  38  оқушысына  ыстық тамақты қамтуды  ұйымдастырып отырмыз.Әр күн  сайын асханада  мектеп  әкімшілігі кезекшілікте болады және тамақты берілуін сапасын, дәмін менюге  сәйкестігін ғ яғни ыстық  тамаққа қажетті барлық мәселені бақылай отырамыз.

Әлеуметтік педагог: М.Бигазиева сөз алды . 2019-2020 оқу жылында 2- қыркүйектен бастап 1-4 бастауыш сыныпқа және аз қамтылған оқушыларға ыстық тамаққа барудың кезекшілік  кестесі жасақталды .1 күндік тамақтың  құны  220  теңге 1 ауысымда  2 кезең 9:25, 10: 15те кесте бойынша тамақтанса 2 кезеңнің оқушылары  15:25, 16:15 те  тамақтанады .5-11 сыныптар бойынша әлеуметтік жағдайы сараланған 38 оқушы 1 кезеңде  10:15 те -2 кезеңде 16 :15 те тамақтанады.

Мердігер ИП «Селбаева»  Ш. Селбаева сөз алды .Менің мектептегі ыстық тамақпен  тамақпен қамту жұмыстарымен айналысқаныма көп жыл болды . қарамағымдағы қызметкерлердің гигиеналық және санитарлық  талаптарды орындалуын  қадағалап отырамын. Күнделікті ас меню бойынша пісіріледі. Мектеп тарапынан қойылып отырған талап  арыздарыңыз болса әзірміз.

Бүгінгі асхананы  тексеру қортындысы бойынша 

. Ас мәзірі бойынша барлық тағам дайындалған

.Оқушылар тамақ  сабақ кестесі бойынша уақытында әзірленді

Қаулы :

1.Күнделікті  1-4  сынып оқушыларының  және  аз қамтылған оқушылардың кесте бойынша тамақтануын қадағалау М. Бигазиева жүктелсін .

  1. Мердігер ИП «Селбаева» Ш. Селбаева асханадағы санитарлық талаптарды орындап, асхана қызметкерлерінің менюге сәйкес тамақты пісіріу күнделікті қадағалау.

3.Бракераж журналының күнделікті жазылып отыруы диеталық медбике А.Базарғалиеваға тапсырылады.

 

Мектеп директорының м.а :                     А.   Ахметова

Мердігер ИП  «Селбаева»                          Ш. Селбаева

Хатшы:                                                          М. Бигазиева