Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 6,7,8 – сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Ана тілім – айбыным!» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Оған әр сыныптан поэзияға жаны құмар, қазақ ақындарының өлеңін сүйіп оқитын оқушылар қатынасты. Байқаудың мақсаты: талантты оқушылардың өнерін таныту және ақындық қабілеттерін ашу. Сайыскерлер Ниғметолла Әсем, Оралбай Ақбота, Асқар Кәусар, Рысқали Мөлдір, Айбекұлы Исмайл, Мейрамбекқызы Нұрбибі, Жолжан Жазира, Асыланқызы Аида, Қойшыбай Айгерім, Мырзабекова Амина, Болат Гүлнұр, Қабдолова Эльназ, Шохман Жанат, Амангелді Әл-Фараби қазақтың ақиық ақындары Мұқағали Мақатаев, Фариза Оңғарсынова, Мағжан Жұмабаев, Сұлтанмахмұд Торайғыров өлеңдерін нақышына келтіріп орындады. Сайыскерлердің өнерін бағалау үшін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Адилгалиева Райхан, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Базарбаева Куляш, кітапхана меңгерушісі Медеуова Күнсұлу қазылық етті. Қорытындысында сайыскерлер жүлделі орындар мен алғыс хаттармен марапатталды.
Бас жүлде: Мырзабекова Амина, 8-сынып
1-орын: Жолжан Жазира, 7-сынып
Асыланқызы Аида, 7-сынып
2-орын: Қабдолова Эльназ, 6-сынып
Оралбай Ақбота, 6-сынып
Ниғметолла Әсем, 6-сынып
3-орын: Асқар Кәусар, 6-сынып
Қойшыбай Айгерім, 7-сынып
Амангелді Әл-Фараби, 6-сынып
Айбекұлы Исмайл, 6-сынып
Алғыс хат: Рысқали Мөлдір, 6-сынып
Мейрамбекқызы Нұрбибі, 6-сынып
Болат Гүлнұр, 6-сынып
Шохман Жанат, 6-сынып
https://almaly-atyrau.edugov.kz/is-sh-r-l-r/13359-ana-tilim-ajbynym.html#sigFreeIdfbced8d3ee