02 Шілде 2022
Іс шаралар

Алмалы орта мектебінде өзін-өзі басқару ұйымы президентін ұлықтау рәсімі өтті

Ағымдағы жылдың 17 қыркүйек күні жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде өзін-өзі басқару ұйымы президентін ұлықтау рәсімі өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша, мектеп  президені Орын Имрам үміткерлер арасында ең көп дауыс жинаған.

   Салтанатты жиын басында мектеп басшысы Айгүл Максутовна сөз сөйледі. Оқушыларға өткен оқу жылында атқарған үлкен жұмыстары үшін ризашылығын білдірді.

  Өз лауазымына кіріспес алдында Орын Имрам мектеп әкімшілігі мен құрамының алдында ант беріп, өзіне  жүктелген үмітті ақтайтынын айтты. Сонымен қатар, мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының жаңа министрлері анықталды.

Іс-шара соңында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мектептің өзін-өзі басқару ұйымының жаңа президентін құттықтап, оған өкілеттігін куәландыратын құжат табыстады.