02 Шілде 2022
Іс шаралар

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай Панабердиева Нұрсәуленің жетекшілігімен "Тарлан" дебат клубыны мүшелерінің қатысуымен пікірсайыс турнирі болып өтті

 Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті күні және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай Панабердиева Нұрсәуленің жетекшілігімен "Тарлан" дебат клубыны мүшелерінің қатысуымен пікірсайыс турнирі болып өтті.Мақсаты:Өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру, оқушылардың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін дамыту.

Турнирге 4 фракциядан 8 оқушы қатысты:

Жүйріктер-Айымнұр, Ақбота

Шешендер-Мирас, Айсұлтан

Алғырлар-Дария, Құралай

Тапқырлар-Әмина, Хиуаз

Пікірсайысқа 2 қарар алынды:

1."Бұл палата тәуелсіздік жылдарында Қазақстан көптеген жетістіктерге жетті деп есептейді".

2."Бұл палата  ата-ананың тұрақты жұмысбастылығы   баланың тәрбиесіне кері әсерін тигізеді деп есептейді".

Осы аталған қарар бойынша оқушылар өз кейстерін дайындап, өткір пікірлерін ортаға салды.Ойын өте қызықты, тартысты өтті.Шара соңында фракциялар 1,2,3-дәрежелі дипломдармен марапатталды."Үздік оратор", "Үздік спикер" номинациялары берілді.