Алмалы орта мектебінде “Ұлтыңды тәрбиелеймін десең, қызыңды тәрбиеле" тақырыбында қыз балалар арасында мектепішілік бір күндік семинар өткізілді. Семинардың мақсаты: қыз балалардың бойына қыз бейнесіне тән мінез – құлық сипатын қалыптастыру. Оқушыларды бір – бірімен, айналадағы ортамен үйлесімді қарым – қатынас жасауға дағдыландыру, мәдени сөйлеу біліктілігін дамытуға, өзара жағымды қарым – қатынасын арттыру, оларды адамгершілікке, шындыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Семинар барысында "Қыз Жібек" клубының төрайымы Жунусова Сауле шара барысында сөз сөйлеп, қазақ қыздары жөнінде түсінік жұмыстарын айтты, мектеп психологы Г.Надирханова қыз балаларға тренинг ұйымдастырды. Мектебіміздің оқушы қыздары өз өнерлерін ортаға салып, көрерменнің қошеметіне бөленді
https://almaly-atyrau.edugov.kz/is-sh-r-l-r/13354-lty-dy-t-rbielejmin-dese-yzy-dy-t-rbiele.html#sigFreeId0fe8fdb8cf