Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде қайырымдылық іс- шарасы өтті. Қайырымдылық- ізгіліктің нақты көрінісі, адамның асыл қасиеттерінің бірі. Ұстаз өз шәкірттеріне қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылдырар тұлға.
Мұқтажы өтелген жанның қуанышын көру, батасын алып, ризашылығына бөлену шынында керемет сезімге бөлейтініде рас. Осы орайда мектебіміздің педагогикалық ұжымы шарапаты мол қайырымдылық іс-шара ұйымдастырып өткізді. Іс-шараның мақсаты мұқтаж жандарға қайырымдылық пен рухани демеу беру болатын.
Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асулардан аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны анық. Ел тірегі, ертеңіміздің кепілі – жас ұрпақ!
Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінің 1 "ә" сыныбында Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жылдығына арналған
«Кел, балалар оқылық!» атты тәрбие шарасы өтті.
🔰Тәрбие шарасының мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің өмірімен таныстыру.Ы.Алтынсарин туралы түсініктерін кеңейту. Оның өлеңдері мен әңгімелерін,мертегілерін оқытып,мағынасын түсіндіру. Білімге деген ынталарын, құлшыныстарын арттыру. Еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.Отанды сүюге,құрметтеп қастерлеуге,өз елін,тегін тарихын білуге тәрбиелеу. Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру . Ы.Алтынсариннің ертегілерін, әңгімелерін оқи отырып қуыршақ театр, көлеңке театр, кейіпкерлерін өздері ойнауға баулу.
https://almaly-atyrau.edugov.kz/is-sh-r-l-r/13342-zhalpy-bilim-beretin-almaly-orta-mektebinde-ajyrymdyly-is-sharasy-tti.html#sigFreeId9ecb075584