Адам әдебімен көрікті», — дейді қазақ халқы. Халқымыздың осынау «әдеп», «әдептілік» ұғымының мәнісі тамыры терең ұлттық рухани мәдениетімізден бастау алады. Олай дейтініміз, адамның сөйлеу мәнері, іс-қимылы, жүріс-тұрысы, өзін ұстай білуі оның мәдениетті, әдепті екендігін аңғартады. Адамның бойынан әдептілік қасиеттің көрінісі — ол парасаттылық пен адамгершілік. Әдептілік – адам бойындағы жағымды қасиет, оның қоғамда қабылданған әдеп талаптарын мінсіз орындауы болып табылады. Ол қоғамда, үйдегі тәлім-тәрбиенің негізінде қалыптасады. Осыған орай Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінің "Дарын" өзі-өзі басқару ұйымының парламент мүшелері "Әдептілік- адамгершілік белгісі"тақырыбында қоғамдық көліктерде әдептілікті насихаттап бейнебаян түсірді...
"Әдептілік-адамгершілік белгісі" тақырыбында сыныптар арасында сынып сағаты өткізілді.
https://almaly-atyrau.edugov.kz/is-sh-r-l-r/13339-deptilik-adamgershilik-belgisi.html#sigFreeIdb756d784e3