02 Шілде 2022
Іс шаралар

«Қоғамға қауіп төндіретін ұйымдармен күрес»

25.11.2021 жылы Алмалы орта мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын негізге ала отырып,   «Қоғамға қауіп төндіретін ұйымдармен күрес»  тақырыбында 9 - 11сыныптар арасындағы дөңгелек үстел өтті. Тәрбиелік шара экстремизм, терроризм, радикализм терминдеріне түсінік беру, Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал  жөнінде мағлұмат беру, келер ұрпақ жас өренді өмір қауіпсіздігі, жанашырлыққа, бейбіт рухтағы адами қасиеттерге тәрбиелеу мақсатын көздеді.

     Дөңгелек үстелге тәрбие ж.ж. орынбасар Р.Әділғалиева, тарих пәні мұғалімі Л.Ильясова қатысты. Тәрбие орталығының жоспарына сәйкес дінтану пәнінің мұғалімі А.Тәжиеваның  ұйымдастыруымен елімізде өткен «Жусан» операциясы, қандастарымыздың Сириядағы соғысқа араласуы олардың отбасына, ата-анасына, туған-туыстарына қаншалықты қасірет әкелгендігі туралы бейнебаян, слайдтар арқылы талқыланып, оқушылар ҰҚК қызметкерлері, дінтанушы, оқиға кейіпкері рөлдерінде белсенділік танытып, өз ойларын бөлісті, қойған сұрақтарына жауаптар алды. Дінтану пәні мұғалімі А. Тәжиева жас жеткіншектерді өзіміздің дінімізге берік болуымызға, басқа теріс ағымдағы діндерден аулақ болуға шақырып, қоғамға қауіп төндіретін теріс ағымдағы ұйымдардың көздеген мақсаты мен саясаты туралы мағлұматтар берді.