Алмалы орта мектебінде 6в сынып ата- аналары арасында бала өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында зум платформасы арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, "Вейп - денсаулыққа өте қауіпті" екені айтылды. Дүкен сөрелерінде әр түрлі қаптамада сан түрлі дәмі бар бір реттік вейптер құны небәрі екі мың теңгеден басталатын арзан у кәмелетке толмаған жеткіншектерге емін еркін сатылып жатқаны ескертілді.
Қайта қуаттандыруды қажет етпейтін құрамында никотині темекіден 2,5 есе жоғары бір реттік вейптер, балалар арасында "однаразка" деп аталып сәнге айналып бара жатқан электронды темекінің бала ағзасына қаншалықты зиян екендігі түсіндірілді. Әр баланың өміріне үлкен жауапкершілікпен қарап, балаларымыздың әр ісіне қырағылық танытуымыз керек.
