02 Шілде 2022
Іс шаралар

"Жас Ұлан"ББЖҰ- на 10 жыл толуы қарсаңында"

Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл және "Жас Ұлан"ББЖҰ- на 10 жыл толуы қарсаңында"Ұланымыз ұлы елдің" Республикалық бірыңғай "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының жылдық жоспарына сәйкес 14-желтоқсан күні"Жас Ұлан","Жас Қыран"ұйымына қабылдау салтанатты кеші өткізілді.Қабылданатын оқушылар "Жас Ұлан", "Жас Қыран" қатарына өтудің жауапкершіліктің мол екенін сезіне білді. Оның қатарына қабылданған оқушы мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласып және сабақтарын жақсы оқып, өз елінің мақтанышы болатын азамат болуына міндеттейтінін сезінді. " Жас Ұлан " ұйымына мектебіміздің 25 оқушы, "Жас Қыран" 22 оқушы қабылданды. Салтанатты шара барысында оқушылар ант қабылдап, елінің патриоты болуға, тілін, дінін, салт-дәстүрін құрметтеуге, еліне адал азамат болуға салтанатты түрде ант берді.