Мектебімізде тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толу мерейтойына арналған "Ұлт руханиятының көшбасшысы" атты конференция болып өтті.Мақсаты: А.Байтұрсынұлы шығармаларын жан-жақты танып білу, әдеби шығармаларын көпшілік назарына ұсыну, дәріптеу.
Шараға мектеп директорының тәрбие жұмысының орынбасары Адилгалиева Райхан, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Мизамбаева Толқын, Телеубаева Айман, Панабердиева Нұрсәуле,тәжірибеден өтуші машықкер Жасенова Алтынай және кітапхана қызметкерлері Сисенғалиева Алтыншаш, Медеуова Күнсұлу қатысты. Конференцияда мынадай тақырыптар қамтылды:
1."Қазақ халқының рухани көсемі"
2."Ахметтің ақындығы және Қазақ жазуы"
3."Алаштың Ахметі"
4."Ахмет Байтұрсынұлы- аудармашы,ғалым"
5."Ахмет Байтұрсынұлы қалдырған рухани мұралар"
6."Ахаңның сазгерлік қыры"
Шара соңында атамызға арнап шығарылған " Ахмет-ұлт ұстазы" фильмі тамашаланды.
https://almaly-atyrau.edugov.kz/is-sh-r-l-r/13308-lt-rukhaniyatyny-k-shbasshysy.html#sigFreeId65e417d22f