18.02.2022 күні 9 сынып оқушыларымен «Мамандық таңдай білу» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатының мақсаты: оқушылардың өмір туралы, мамандық туралы көзқарастарын дамыту, алда мамандық таңдауға дұрыс бағдар беру.
Міндеті: мамандықтарды талдай білуге үйрету;
Алғыс айту күні - қасиетті де салтанатты күн.
⚜️ Алғыс айту күні Қазақстан халқына тән асыл қасиеттер - патриотизм, абырой мен әділдік, құрметтеу мен ізгілік қосымша серпін алады. Бұл күні біз, ата-бабаларымызды ризашылықпен еске аламыз, ата-аналарымызға, мұғалімдерімізге, зейнеткерлерге, ардагерлерге, бір-бірімізге алғыс айтып, халқымыздың қайырымдылық дәстүрлерін жалғастырамыз.
⚜️Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде алғыс айту күніне тақырыпқа сай шаралар ұйымдастырылды.
Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде "Мен сенің өміріңнің жалғасымын" тақырыбында 6-шы сынып ұл балаларының қатысуымен өткізілген шарада, отбасындағы әкенің орны, ұл бала тәрбиесіндегі беделі, жеті ата мен туысқандық қарым-қатынас туралы айтылды.
Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде жалпы қазіргі таңда өскелең ұрпақты құбылмалы заманға бейімдеу өзекті мәселе болып отырғандықтан оқушыларды адалдыққа,шыншыл болуға тәрбиелей отырып болашақта сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында "Біздің таңдауымыз заңға бағынатын тұлға болу" тақырыбында "Адал ұрпақ" клубы мүшелерімен жетекшісі Сатенова Алмагүл әнгімелесу отырыс ұйымдастырды
https://almaly-atyrau.edugov.kz/is-sh-r-l-r/13305-mamandy-ta-daj-bilu.html#sigFreeId538aacc418