02 Шілде 2022
Іс шаралар

«Үздік ер адам»

"Мәңгілік елдің болашағымыз" атты бастауыш сыныптар онкіндігі жалғасуда...

📚Мәнерлеп оқу сайысы

⚜️ Сайыстың мақсаты: Оқушылардың екпінді дұрыс қоя білу, оқу мәнерін меңгеру, дауысты өлеңнің ой - мазмұнына сай баяу, жігерлі оқу немесе тілек, сұрақ, көңіл күйді көтеріңкі үнде оқи білу машықтарын байқау, бағалау. Балалардың дүниетанымын дамыту, өлең сөзге деген қызығушылықтарын арттыру. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатында 4 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті.

⚜️Ұйыдастырушылар: 4 сынып мұғалімдері

 

"Мәңгілік елдің ұланымыз" бастауыш сыныптар онкүндігінен...

⚜️«Туған жердің тарланы»⚜️

⚜️Мақсаты: Өз ауылымыздан түлеп ұшқан, бүгінде халықтың ыстық ықыласына

бөленіп жүрген өнер адамдарының өнегелі ісін, өмір жолдарын үлгі ете отырып, жас ұрпақтың жеріне, еліне, өнерге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.

⚜️Шақырылған қонақтар:   М.Өтемісұлы атындағы драма театрының актеры,

Әнші Асхат Мұса, мектеп кітапханашылары, мектеп әкімшілігі, ұстаздар.

⚜️ Атырау өлкесі-әнге, жырға бай өлке. Бұл өлкеден талай таланттар шыққан, олар қазақ өнерінің мерейін аспандатқан.

⚜️Күй атасы-Құрманғазы мен күй анасы-Дина, өлеңдері өр суындай өр ақын Махамбет, адуынды ақын Хамит Ерғалиев, қазақтың аяулы ақын қызы Фариза Оңғарсынова, сөз зергері Рахымжан Отарбаев, біртуар бард ақын Табыл Досымов сияқты көптеген ұлы тұлғалар осы киелі өңірде дүниеге келгендігін мақтаныш етеміз.

⚜️Міне сондай атақты ақын,әнші бабаларымыздың  даңқты жолын жалғасты-рып келе жатқан  осы мектептің түлегі, М.Өтемісұлы атындағы академиялық драма театрының актеры, «Үміт»сыйлығының иегері, «Сүйінбай»қойылымында Қырғыздың Қатаған ақынымен «Үздік ер адам» бейнесін сомдаған, елге танымал талантты әнші Асхат Мұса бүгін ортамызда қонақта.

 

“Жас мамандар мектебінің” жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 18.02 күні, ЖББ «Алмалы орта мектебінің»  орыс тілі және әдебиеті пәнінің  жоғары санаттағы мұғалімі  Калиева Светлана Тұраққызы 6 «ә» сыныбына Словесные «раскопи» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оған мектебіміздің жас ұстаздары қатысып, біраз тәжірибе жинақтады. Тәжірибелі ұстаз өзінің сабағында «Балық қаңқасы», «Синквейн» , «Кластер», «Кейс» әдіс -тәсілдерді пайдалана отырып, сабақ өз мақсатына жетіп, кері байланыс, бағалау тиімді өтті.

    Жас тәлім алушылар Светлана Тұраққызына алғыстарын білдірді.

 

Эстетикалық пәндер бірлестігінің апталық жұмысының күнделігінен...

⚜️ Апталық барысында ұйымдастырылған іс-шараларға белсене қатысқан мектеп оқушылары арнайы номинациялық дипломдар мен тәттілермен марапатталды.

📒 Эстетикалық пәндер апталығының іс-шаралар күнделігінен

⚜️ Қамшы өру және жасау.

⚜️ Шараның мақсаты: Оқушыларға иленген теріден қамшы өруді меңгерту.

⚜️ Қазақ халқының мәдени-тұрмысында, салт-дәстүрінде, рухани зердесінде қамшының алатын орны ерекше.

⚜️ Қамшы өнер туындысы, сый-сыяпаттың төресі, ержігіттің серігі, айбыны, шаңырақтың киесі, тіпті кейде батырдың қаруы да болған. Оны жай ғана ат айдайтын құрал дей салуға болмайды.

⚜️ Бұл қолөнер туындысы, атадан балаға мирас болып қалатын асыл мұра. Ата-бабаларымыз қамшысы арқылы өз көз қарасын, ниетін, қарым-қатынасын білдірген, біз мұны қамшыға байланысты ой орамдармен тарқатып көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ергазы Мухамбетов ұл балаларға іс-тәжірибеде көрсетті.

Өнерлінің қолы алтын⚘️

⚘️14 наурыз күні мектебімізде Эстетикалық пәндер апталығы бастау алды.

⚘️Апталық мектебіміздің өнерлі оқушылары мен пән мұғалімдерінің музыкалық көрініс қойылымымен салтанатты түрде ашылды.