Алмалы орта мектебінің 6-сынып оқушылары арасында мектепішілік "Алғашқы қадам" пікірсайыс турнирі болып өтті.Ойын КПФ форматында болды.Оған 3 оқушыдан құралған 6 фракция қатысты.
Мақсаты: Дебат ойынына қызығушылығы бар оқушылардың қабілетін ашу, мәдениеттілікке,ойын еркін жеткізуге, ораторлыққа баулу.
Дебат қарарлары төмендегідей болды:
1.Заманауи әлемде байлық білімнен артық деп есептейміз/есептемейміз
2.Электронды кітаптар қағаз кітаптардың орнын баса алады/баса алмайды
3.Телефон баланың білім алуына кедергі келтіреді/келтірмейді
Ойын соңында оқушылар дипломдармен, номинациялармен марапатталды.
#Balaqorgau
⚜️Біздің жұмысымыз-балаларды қорғау!
Егер сен оқу орныңда немесе үйіңде қиын жағдайға тап болсаң, не істеу керек екенін білмесең, сені тыңдап, саған кеңес бере алатын ересек адамның көмегі қажет болса,осы сайтта әр түрлі жағдайда қолдануға болатын кеңестерге тізімін таба аласың!
⚜️Bala.gov.kz
⚜️Bala Qorgau жобасы - оқушыларға және олардың ата-аналарына көмек...
