Наурыз мерекесіне орай 1 сыныптарда "Наурыз-жыл басы" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
⚘️Сынып сағаты барысында қазақтың ұлттық ойындары және дәстүрлері көрсетілді.
⚘️Сынып жетекшілері: Санжан Жакиева ,
Кундыз Жагыпарова , Алмагул Тлекбай, Айнур Байтанова
Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде тәрбие орталығының сәуір айындағы жоспарына сәйкес "Ту-көгімде, Елтаңба-төрімде, Әнұран-көкірегімде" тақырыбындағы 4 сыныптарда өткен бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты: оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету, Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу, Ой-өрісін, танымдық қабілетін, жеке дара тұлға ретінде дамыту.
Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінің кітапханасында «Абай – кемел ойдың кемегері» атты кітап көрмесі жасақталып, оқырмандар назарына ұсынылды.
📖 Сыныптарда Абай өмірі мен шығармашылығын насихаттайтын тәрбие шаралары ұйымдастырылды.
«Адамгершілік-асыл қасиет» атты қайырымдылық жәрмеңкесі
⚜️ Қайырымдық-халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі «Жанашырлыққа жан риза» дегендей, оқушылардың жанашыр қамқоршысы болып, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу-әрбір адамның азаматтық парызы.
⚜️ Адам өміріндегі ең игі істердің бірі-мұқтаж жандарға қамқорлық жасау.Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам басады.
⚜️ Осыған орай, Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде 8 сынып оқушылары және сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Адамгершілік-асыл қасиет» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді.
⚜️ Оқушылар өздерінің қолынан жасаған түрлі бұйымдарымен қатар уйден пісірілген тәтті тағамдарын алып келіп жәрмеңкеге қойылды.
⚜️ Бұл жәрмеңкеден 20 000 (жиырма мың) теңге жиналып аз қамтылған отбасыға қаржылай көмек көрсетілді.
