02 Шілде 2022
Іс шаралар

"Әдептілік-тәрбие бастауы"

"Әдептілік-тәрбие бастауы" тақырыбында тәрбиелік шара өтті.

🌸 Шараның мақсаты: Оқушыларды кішіпейілдікке, үлкендерді сыйлауға, көмектесуге үйрету. Жақсы қасиеттерді бойына сіңіре  отырып әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын таным белсенділігін арттыру. Оқушыларды әдептілікке,сыпайылыққа тәрбиелеу.

🌸 Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Салиева Эльвира Нажматдиновна

 

Елімізде ғарышкерлер күні қарсаңында өткізілген «Ғарыш әлеміне саяхат» тақырыбында 8 сыныптар арасында өткізіп отыр.

    Тақырыбы: Ғарыш әлеміне саяхат.

Мақсаты: Ғарыш кеңістігін игерудегі жетістіктерді қазіргі өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру. Оқушылардың тарихи, ғылыми танымын кеңейту, білімділігін арттыру.

     Әлемде 200-ден астам мемлекет болса, солардың қатарында ғарышқа өз перзентін ұшырған елдер саусақпен санарлықтай ғана. Әлемде өз ұлтынан үш немесе одан да көп азаматы ғарышқа көтерілген 9 ғана мемлекет бар екен. Міне, солардың қатарында біздің де еліміз бар екенін мақтанышпен айта аламыз.

Барша ғарышкерлерді бүгінгі мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде 12.04.2022 жылы тәлімгер Утемисова Асель, мектеп психологы Надирханова Гүлдана 7 сыныпта оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы мақсатында  “Қауіпсіз интернет” тақырыбында ашық сабақ өткізді.

  Ашық сабақ барысында “Интернетке қаншалықты тәуелдісіз” тақырыбында сауалнама өткізіліп, интернеттің зияны мен пайдасы туралы оқушылар өз ойымен бөлісті.

 

 

 

Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде  8.04 күні  7 "ә" сыныбымен Омарова Ақмарал  мектеп мейірбекесімен  "Дені саудың тәні сау" тақырыбында түсіндірме жұмысы жүргізілді. Шараның  мақсаты: денсаулық туралы ұғымдарын кеңейту, шымыр да шапшаң, білімді бала тәрбиелеу, салауатты өмір сүруді , тазалық, дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасын дәріптеу.

📖 Сынып жетекшісі:Хасенова С. М.