Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде 4-сыныптар арасында 12сәуір-Ғарышкерлер күніне орай “Ғарыш әлеміне саяхат”тақырыбында сынып сағаты болып өтті.
🧑🚀Сынып сағатының мақсаты:оқушыларға ғарыш әлемі, ғарышкерлер күні туралы мағлұмат беру. Ғарыш әлеміне саяхат арқылы оқушылардың ғарыштың адам өміріндегі маңызы туралы білімін тереңдету.
🧑🚀Сынып сағатында оқушыларға қазақ ғарышкерлерінің өмірі мен аспан әлеміндегі таңғажайыптары жайында қызықты деректер көрсетілді.
🧑🚀 Оқушылар “Мен танитын ғарышкер”тақырыбында топтастыру жұмысын жасады.Әр топ басшысы тақтаға шығып өз жұмыстарын қорғап айтып шықты.Одан әрі әр топ “жедел сұрақ”ғарыш әлемі туралы сұрақтарға жауап беріп,пікірлесті.
🧑🚀”Бір айналым сөйлесу” арқылы бүгінгі сынып сағатында өткендері туралы оқушылар айтып берді.
Сынып сағаты өз мақсатына жетті.
Елімізде ғарышкерлер күні қарсаңында өткізілген «Ғарыш әлеміне саяхат» тақырыбында 1 сыныптар арасында өткізіп отыр.
🧑🚀Тақырыбы: Ғарыш әлеміне саяхат.
🧑🚀Мақсаты: Ғарыш кеңістігін игерудегі жетістіктерді қазіргі өмірмен байланыстыра отырып түсіндіру. Оқушылардың тарихи, ғылыми танымын кеңейту, білімділігін арттыру.
♻️ Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде Қ.И.Сәтпаевтың 123 жылдығына орай алғашқы академик, көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаев жайлы мағлұмат беру мақсатында 12.04 күні тарих пәні мұғалімі Тажиева Алтын ұйымдастыруымен 10 сыныптарға “Қ.Сәтпаев - жан жақты ғалым” тақырыбында, 13.04 күні тарих пәні мұғалімі Ильясова Ляззат ұйымдастырумен 9 сыныптарға “Ұлтының ұлы перзенті Қ.Сәтпаевқа 123 жыл” тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Ғарышкерлер күніне орай 3 сыныптарда бірыңғай сынып сағаттары өтті.
🧑🚀 Мақсаты: Адам баласының ғарышты игерудегі жетістіктері, оның ғылыми маңызы жайында мағлұмат беру.
Мектепішілік "Үздік бастауыш сынып мұғалімі" байқауы өз мәресіне жетті.
⚜️ Нәтижесінде байқаудың жеңімпазы Ардақ Ескендірова Асылбекқызы "Бас жүлдені"🏆 иеленіп қалалық кезеңге жолдама алды.
🥇дәрежелі димплом Мөлдір Тәжиева Русланбекқызына бұйырса,
🥈 дәрежелі дипломмен Құндыз Жағыпарқызы, Сәнжан Өтесінқызы марапатталды.
🥉дәрежелі дипломды Айнагүл Алпысбайқызы, Гүлсім Жұбанқызы, Айнур Байтанова Райқызы, Алмажай Мынжасова Орынбасарқызы иеленді.
🏅Сондай-ақ "Алғыс хат" Алмагүл Тілекбайқызы қанжығасына байлады. Қалған қатысушылар "Үздік қысқа мерзімді жоспарлау", "Үздік шығармашылық жұмыс", "Үздік портфолио" номинацияларымен марапатталды.
⚜️ Байқауға қатысып, тәжірибелерімен бөліскен бастауыш сынып әлістемелік бірлестігі мүшелеріне мектеп әкімшілігі атынан алғысымызды білдіреміз!
https://almaly-atyrau.edugov.kz/is-sh-r-l-r/13291-arysh-lemine-sayakhat.html#sigFreeIdd5dca60c77