02 Шілде 2022
Іс шаралар

"Дәстүр мен ғұрып"

Аты рау облыстық ішкі саясат басқармасының  2022 жылдың 31-наурыздағы N 06-01--12-08-6/329 санды хатын басшылыққа ала отырып, қазақтың ұлттық ойындары асық ойнау, қол күрес, арқан тартыс,қазақша күрес ойындары арқылы балалардың бойына  қазақтың салт-дәстүрі , әдет-ғұрып, туған елге, жерге өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу мақсатында  жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде 21.04.2022 күні  "Рухани жаңғыру"  бағдарламасының "Дәстүр мен ғұрып" арнайы жобасы аясында 7,8,9 сынып оқушылары арасында  дене шынықтыру пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен ұлттық спорт ойындары апталығы өткізілді.

 

 

Жастарды қолдау саясаты әрқашан мемлекет назарынан түскен емес. Еліміздің болашағы – бүгінгі жастардың қолында.

 

  • Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде "Жас мектеп" жас мамандар клубының жылдық жоспарына сәйкес Баян Закиева Жакешқызының ұйымдастыруымен "Үздік жас маман-2022" байқауы ұйымдастырылды.
  • Байқаудың мақсаты: Жас ұстаздардың біліктілігін, жан - жақты өз кәсібінің шебері екендігін сынау арқылы, оларды іскерлікке, мәдениеттілікке, өз кәсібіне үлкен жауапкершілікпен қарауға бар күш жігерін жұмсауға баулу.
  • Аталмыш байқауға мектебіміздің 15 жас маман қатыстып, бақтарын сынады.
  • Әділ қазылар алқасының мүшелері  төрт  кезең бойынша  қатысушылардың бағаларын сараптап, нәтижесін шығарды. Ал мектеп директоры мен  орынбасарлары  “Үздік жас маман-2022” байқауы бойынша әділ қазылар шешімін қорытындылап, жеңімпаздарды жариялап марапаттады.
  • 🔰 «Бұл ғасыр – тек білімділердің заманы, оны игере алсаң ғана көштен қалмайсың. Білімді бол, ұмтыл алға, жас маман!» деген ұранмен жас мамандарға ақ жол тілемекпіз.

 

 Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде 19.04.2022 күні 2-сыныптар арасында  "Құс-досымыз, қорғаймыз оны біз" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.

Сынып жетекшілер: Дюсупова Э, Қойшыбаева Г, Кабдулова Р, Ережепова Ж.…

 

 Алмалы орта мектебінің 1  сыныптарында 12 сәуір күні “Құстар-біздің досымыз” тақырыбында құстарға ұя жасау марафоны  өз мәнінде жалғасын тапты.

🪶 Сынып оқушылары ата - аналарымен бірлесе отырып құстарға ұя және жемсауыт жасап, қамқорлықтарын көрсетіп талдарға орналастырды.

🪶 Құстарға арнаған өлең жолдарымен, тілектерімен бөлісті.

Сынып жетекшілері: Алмажай Мынжасова , Айнур Байтанова