02 Шілде 2022
Іс шаралар

«Оқуға құштар мектеп»

Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде

22.04.2022 күні 6 «А» ,6 «ә»,6 «б»,6 «в»  сыныптарында  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Жақсы кітап оқу –ақылды адаммен сырласқанмен бірдей» тақырыбында  сайысы өткізілді.

Мақсаты: Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.Әрбір тұлғаның  кітап оқу арқылы кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту. Оқырманның кітапқа деген ерекше көзқарасын қалыптастыру. Әрбір   тұлғаның  ой-өрісін кеңейтіп, білім алудағы кітаптың маңыздылығын айқындау, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Оқыған кітаптың қызықты, мағыналы түйінін анықтау. Кітапхананың белсенді, үздік  оқырмандарын   анықтау. Оқушыларды білімділікке, адамгершілікке, кітапты бағалай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

6 «а» сынып  Жұмекен Нәжімеденов,6 «ә» сынып  Қадыр Мырза Әлі ,6 «б» сынып Мұқағали Мақатаев, 6 «в» сынып Абай Құнанбаев ақындарының шығармаларынан көркемсөз оқып, эссе жазды.

Сынып жетекшілері: Сабирова Р, Сатенова А, Уразова Қ, Досанова С.\