02 Шілде 2022
Іс шаралар

«Ерлік білекте емес, жүректе»

  Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде Отан қорғаушылар күніне арналған «Ерлік білекте емес, жүректе» тақырыбында ашық тәрбие шарасы өтті.

🕊 Тәрбие шарасына Ауған соғысының ардагері, интернационалист-жауынгер Құмаров Нұрлан мен ауған жерінде ерлікпен қаза тапқан Мусағалиев Иматтың апасы Ғалия апай шақырылды.

🕊 Кездесу барысында оқушыларға келген қонақтар осы соғысы, оның қаншалықты қасірет әкелгендігі туралы әңгімелеп, оқушылардың сауалдарына жауап берді.

🕊 Оқушылар Ауған соғысы туралы бейнебаян көріп, қонақтардың әсерлі әңгімесін ұйып тыңдай отырып, өздерінің аға ұрпаққа тілектерін білдірді. Қонақтардың құрметіне 9 сынып ұлдары гитарамен қостап «Ауған әнін» шырқады.