Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінің Балалар жылына орай Атырау облысы білім беру басқармасының Облыстық отбасы үлгісіндегі “Балалар ауылы және жасөспірімдер үй” коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып,қайырымдылық шарасын өткіздік.
⚜️ Мекеме басшысы Гүлсара Амангалиевна Алмалы орта мектебінің тарих-құқық мұғалімі Л.Ильясованың жетекшілік етуімен ұстаздар қауымының демеушілігімен “Еріктілер тобы” және жеке кәсіпкер,химия пәнінің мұғалімі Гүлнар Жаңабайқызын ризашылықпен қабылдады.
⚜️ ”Берсең балаға бер”демекші,балаларға арналған түрлі әдеби кітаптар мен спорттық құралдар, тәттілер қоржынын сыйға тарттық.
⚜️ Балалар да өздерінің қолдарынан дайындалған түрлі тағамдар ұсынып, қонақжайлығын көрсетті.
https://almaly-atyrau.edugov.kz/is-sh-r-l-r/13282-balalar-auyly-zh-ne-zhas-spirimder-j.html#sigFreeId5491b6cc41