Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінің биылғы балаларды қорғау жылына орай тарих құқық апталығына байланысты “отбасы -қауіпсіз мекені” тақырыбында 10- сынып оқушыларының ата- аналарымен бірлесе отырып сынып жетекшісі Ляззат Талғатқызының пікір сайыс шарасы өтті.
⚜️ Мақсаты: Отбасындағы зорлық зомбылықтың алдын алу , балалардың құқығын қорғау , жалпы отбасындағы алғашқы ұстазы ата -ана екендігін түсіндіре отырып, отбасындағы тәрбие бала құқығын насихаттай отырып, жауапкершілікті түсіндіріп ата -аналар топқа бөлініп өздерінің пікірлерін айтып постер қорғап, ән айтып, әртүрлі ойындарға қатысып, Отбасындағы ата-ананың балаға деген махаббатымен мейрімін түсіндіру.
Балалар жылы аясында Шағын орталық тобындағы ертеңгілік "ҮЙШІК" ертегісі. Жалпы білім беретін Алмалы Орта Мектебі жанындағы Шағын орталық тобында тәрбиеленушілердің орындауындағы "Үйшік" ертегісі қойылымы болып өтті.
⚜️ Мақсаты: "Үйшік" ертегісімен таныстыру. Ертегінің мазмұнын түсіндіру арқылы, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін дамыту. Ертегіні сахналау барысында кейіпкерлердің бейнесіне еніп, балаларды достыққа, татулыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
🇰🇿 Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде 12-мамыр күні "Ұланымыз ұлы елдің" тақырыбында "Жас Ұлан","Жас Қыран" ұйымына салтанатты түрде оқушыларды қабылдау шарасы өтті.
🇰🇿 Салтанатты шара барысында оқушылар ант қабылдап,елінің патриоты болуға,тілін,дінін,салт-дәстүрін құрметтеуге,еліне адал болуға салтанатты түрде ант берді.
Жалпы білім беретін Алмалы орта мектебінде 29.04.2022 жылы 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған "Достық пен бірліктің мекені-Қазақстан"! атты мектепішілік шара өтті.
🕊 Бұл шараға Шағын орталық МАД тобы 1,2,3,4,5,6,7,8- сыныптар қатысып әр ұлт өкілдерінің биін биледі.
🕊 Шара өз деңгейінде өте жақсы өткізілді.
🕊 Мақсаты:1-мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу,ынтымаққа,достыққа,өз Отанының сүюге,қорғауға тәрбиелеу.
🕊 Біздің елімізде тұрып жатқан басқада халықтардың озық мәдениетін,өзіндік үлгі-өнегесін оқушылардың бойына сіңіру.
