02 Шілде 2022
Іс шаралар

«1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні»

«1-маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні»

 Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.

 1 - маусым 1950 жылдан бастап, Халықаралық балаларды қорғау күні болып келеді. Біздің Қазақстан Республикасында балалар құқығы заңмен бекітілген. Әр бала, балабақшаларда, мектепте мемлекет тарапынан тегін тәрбие мен білім алуға құқылы.

 «Балаларды қорғау күні» туралы түсініктерін бекіту. Ойын - сауықта өлең айтып, би билеу арқылы белсенділіктерін арттыру. Балаларды өзін құрметтеуге, әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге тәрбиелеу мақсатында  балалар жылына орай , Алмалы орта мектебінде 1- маусым балаларды қорғау күніне арналған «Бала деген бір бақыт» тақырыбында  мерекелік шара өтті. 

Мерекелік шараны мерекелік құттықтау сөзімен  мектеп директоры Айгүл Мақсотқызы ашты.