08 Мамыр 2021
Жаңалықтар Алмалы KZ

Ағымдағы жылдың 1қыркүйек "Білім" күніне орай Алмалы орта мектебінде

Ағымдағы жылдың 1қыркүйек "Білім" күніне  орай Алмалы орта мектебінде

Білім күні және жаңа оқу жылының басталуына арналған ашық тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.

Тәрбие сағаттарының идеалогиялық мазмұны "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы, Әбу Насыр әл-Фарабидың 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларының тақырыптарынан құралды.

Іс-шаралар 2020-2021 жаңа оқу жылын ұйымдасқан түрде бастау, санитарлық -эпидемиялық жағдайды ескере отырып, кезекші топтар дәстүрлі түрде, жоғарғы сыныптар түрлі интернет платформаларында өткізді. Сондай-ақ  мектеп директоры Ахметова Айгүл Мақсотқызы және ауылымыздың Ардагер ұстаздары оқушыларды 1 қыркүйек "Білім" күнімен құттықтап, еліміздегі пандемия жағдайына байланысты санитарлық талапты сақтай отырып қашықтықтан оқитынымызды айтып өтті. Осы жағдайда ұстаздармен бірге ата-аналарымыздың да еңбегі өлшеусіз екенін, алдағы уақытта осы қиындықтарды еңсеріп бұрынғыдай дәстүрлі оқуға көшетінімізге жақсы үмітпен қарап, балалардың жарқын болашағы үшін, денсаулығы үшін ауызбіршілікпен бірігіп жұмыс жасауымыз керек екенін айта отырып, білім шаңырағында білімді де тәрбиелі шәкірттеріміз биік белестерді бағындырады деп сенім білдірейік...

#Bilimkuni